Есть ответ 👍

Қарамен жазылған етістіктерді Нақ осы шақтың күрделі, жекеше түрінде жіктеп, 3 жақтағы етістіктермен 3 сөйлем құрастыр СОЧ по Каз яз

201
245
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

snddrayuk
4,4(54 оценок)

Қасаболатұлы баян (шамамен 1710/15–1757 ж. ж.) – бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі, батыр. батырлығымен, тапқырлығымен абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «батыр баян» атанған. батыр баян жөніндегі деректерді мағжан жұмабаевтың "батыр баян поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, шоқан уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. тарихи деректерде баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі үмбетей мен тәтіқара толғауларында жақсы баяндалған. үмбетей жыраудың «бөгенбай өлімін абылай ханға естірту» атты толғауында былай делінген: қара керек қабанбай, қанжығалы бөгенбай, сары, баян мен сағынбай қырмап па еді жауыңды, қуантпап па еді қауымды, ұмыттың ба соны абылай? ! бұл толғаудан батыр баянның абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. тәтіқара толғауында: бөкейді айт сағыр мен дулаттағы, деріпсәлі, маңдайды айт қыпшақтағы. өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын сары менен баянды айт уақтағы. бұл жолдар баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын дәлелдейді. жырдағы сары — баянның ағасы. шоқан уәлихановтың « предания о батырах xviii века» атты мақаласында баян батыр жайлы мағлұматтар бар. мұнда да баянның ержүректілігін, ақылдылығын абылай ханның жоғары бағалағанын айтады. уақ батыры баян абылай ханмен бірге қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. қытайлармен айқаста абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, баян қолы қытайлармен айқасады. бұл шайқаста баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. шоқанның айтуынша, баян абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. ол ағасы сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. осындай бір жорықта сары мен баян қаза болады. «халық аузында қос батырдың аттары біріктіріліп, сары-баян деп қосақталып айтыла да береді», — деп жазады шоқан. абылай хан «үш жүздің батырларының ішінде кімдерді ерекше бағалайсыз», — деген сұраққа екі батырды ерекше атайды. «бәсентиін малайсары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, уақ баян ақылдылығымен, батырлығымен ерекшеленеді», — деп жауап берген екен. шоқанның бұл мәліметтерінен баянның ханына да, халқына да мәлім, айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз. абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті елші келіп, қалмақ ханы серен хан: «қалмақтар мен қазақтар ағайынды болған. біз сіздерге ақ киіз үйлер силаймыз, бейбіт болайық», — деп ұсыныс жасайды. абылай батырларын жинап кеңес құрады. хан: «ақ киіз үйлерді алайық, оларды сендірейік, одан кейін шабуыл жасайық», — дейді. сол кезде баян: «сіз қалмақтарды алдаймын деп ойламаңыз. ұса менен серен жоғары және төмен қытайды да алдаған, сізді де алдайды», — дейді. хан өз сөзінен қайтпайды, қазақтар екі күн қалмақтарды тосады. шолғыншылар екі күн бұрын қалмақ қолының жасырын кетіп қалғанын хабарлайды. баян мың қ жасақпен қалмақтарды қуып, қытай жеріне кіреді. бірақ қалмақ қолын толық талқандай алмай, қайтуға мәжбүр болады. қайтар жолда қалмақтардың өліктерінен уланған судан ұшынып ауырған баян және оның жауынгерлері қаза болады. бұл деректі де ш. уәлиханов айтқан. мағжан жұмабаевтың «батыр баян» поэмасының желісі де осыған ұқсас. поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. поэмадағы батыр баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. шоқтығы биік баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: қанайым, ойың ұдай, тілің шаян, амал не, келген жоқ қой батыр баян. көп жаудың албастысы, ел еркесі, баянның батырлығы алашқа аян. баянның аруақты құр атынан көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? ! наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, баянсыз қанатымды қалай жаям? би қанай! аттанбайды хан абылай, келмесе ққ батыр баян! — деген абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. елдің мүддесі баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен баян батыр — ерліктің, отаншылдықтың үлгісі. 1993 жылы режиссер с. тәуекелов баян батыр жөнінде кинофильм түсірді. батыр бейіті қарағанды облысы қарқаралы ауданының шекелек зиратында. батырдың ұрпақтары солтүстік қазақстан облысының булаев ауданында тұрады. қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS