«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]
А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
– Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың,
көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
– Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге
фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№
тұжырым
дұрыс
бұрыс
1
Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында
жүргенде өз кәсібін таңдаған.
2
Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады.
3
Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы
Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс екенін түсіндіріп, 3 сөйлем көлемінде жазыңыз. [3]
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.
1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады.
Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.
http://www.almaty.kz/ сайтынан.
Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсет. [2]
№
тұжырым
дұрыс
бұрыс
1
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады.
2
Мерекелік бағдарламаға тек балабақшалар мен спорт мектептерінің түлектері қатысады.
3
Бұл күні жағдайы төмен жанұя балаларына цирк цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады.
3. Мәтіндегі шаралардың барлығы кім және не үшін ұйымдастырылады деп ойлайсыз? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]
4.Жазылым Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.
1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе
жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).
2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз (120-150 сөз көлемінде). [10]
128
349
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Геометрия
-
danmirlav09.01.2023 04:01
-
даха14430.08.2022 16:59
-
ap161134120.09.2021 13:17
-
popopolka26.08.2021 05:37
-
Dashasvi17.02.2021 11:18
-
Rus141110.08.2022 05:00
-
belka071406.06.2022 21:43
-
artemalashev11.06.2023 09:30
-
wut12318.02.2023 00:30
-
greenlyte0907.07.2021 11:50
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.