Ответы на вопрос:
2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз. “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді.1991ж.“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен, шаянтәрізділердің жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 961, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған. Қарақұйрық– сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр. Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг.Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді. 5 – 5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай төлдеу мамырдың екінші жартысында) лақтайды. Көбіне 1 – 2 лақ (егіз басым), кейде 3 – 4 лақ (өте сирек) табады. Жаңа туған лақтың салмағы 2 – 3 кг, дене тұрқы 48 – 58 см. 5 – 10 күнде шөп шалып, 3 айдан аса енесін емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде 4,5 кг, бір айда – 9,0 кг, 6 айда – 15,0, бір жаста салм. 20 кг-нан асады. Шыбыштары 7 – 8 айда, серкештері 1,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды.Қарқұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, қарақал және бұралқы иттер, құстардан: бүркіт, қарақұс. Аусыл және туляремия ауруларымен ауырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Оның 5 – 7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау – Бозащы қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Объяснение: СДЕЛАЙТЕ ЛУЧШИМ ОТВЕТАМ
Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға. 1.қыз-моносемия. 2.қыз-1.әйел жынысты ң жастық шағын білдіреді. тура мағынада берілген. 3.-омоним: 1.зат есім. (әйел жынысты ң жастық шағын білдіреді.) 2.етістік. (жану, ысу) -синоним: бойжеткен. -антоним: 1.қыз-ұл. 2.қызу-өшу. осы жарап калар саган
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
svetacok01.07.2020 17:13
-
Виктория4111603.10.2022 16:03
-
pmangaskin31.05.2023 14:13
-
derzhak1234519.01.2020 22:52
-
карамелька555525.04.2022 12:50
-
palieva6926.11.2020 17:58
-
Omarovaro25.03.2021 07:49
-
nosanchuk1421.10.2021 22:42
-
alina9ru14.09.2022 10:14
-
Evelynimmortal25.04.2021 18:11
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.