Медеу Сәрсеке қызыл империяның қылышы тамған саясатына қарамастан, ұлы тұлға Қаныштың игі істері мен тұлғасын сомдауда барлығын шынайылылықпен жазды.Автордың кейіпкерді сомдаудағы өз бейнесіне талдау жасаңыз. Қандай тұлға, тәуекелге бел буып жазған шығармасы қазіргі таңда үмітін ақтады ма? Пікіріңізді мысалдармен
Ответы на вопрос:
Романда Қаныш Сәтбаев бейнесі қазақ халқының ХХ ғасырда басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен қасіретінің куәгері ретінде ғана суреттеліп қоймайды, сол күрделі кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы тұрғысында сомдалған. Яғни, Қаныш сынды ұлы тұлғаның ғұмыр шежіресі арқылы тұтас бір тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани болмысы ашылып көрсетілген. Автор тек суреткер ретінде ғана емес, инженер-металлург ретінде де Қ.Сәтбаевтың кәсіби және ғылыми өмір жолын саралай суреттеуге келгенде қаламгерлік қарымдылығына қоса, тақырыпты кәнігі біліктілікпен игерген тереңдік танытып отырады. Ғұмырнамалық романды шынайы көркемдік биікке көтере алған себептердің бірі осы екені шәк келтірмейді.
М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айаналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған. Әсіресе, империяның кезекті репрессиялық әрекеті басталып, “ұлтшылдықты іздеу” науқаны қабындаған 50-ші жылдар зардабын, сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де, қаһарлы сыны мол кезеңді бастан кешуін романның ең бір кульминациялық шыңы деуге болады. Ет жүректі пенденің шыдау-шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын мәнінде парасаттылық пен даналықтың, азаматтық пен табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұның бәрі романда терең тебіреніспен, тегеурінді суреткерлікпен көрініс тапқан.
Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін көргендермен сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін; дәлірек айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал пайдалана білген. Бұл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауы жандандырып, бас қаһарманның өсіп-жетілу жолдарын, ғылыми-кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады.
Қ.Сәтбаев тұлғасын сомдау М.Сәрсекенің қаламгер ретіндегі ең өзекті мұратына айналғанын осындайда атап өтудің артықтығы жоқ. М.Сәрсекенің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман-эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді-кішілі 7 кітап жариялап, бұл кітаптары әлемнің 112 еліне тарапты. Ұлы тұлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, төккен тер осындай-ақ болса игі.
Сөз соңында, М.Сәрсеке роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал-құйрығы күзелмей, авторлық ой-тұжырымдар тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шәк жоқ. Сонымен бірге, “Атамұра” ба да елдік іске шынайы жанашырлықпен, кәсіби біліктілікпен, шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн.
о, мои волосы! жесткость и прочность составляют не менее одной свиной кисти. в этой деревне есть только одна бритва - это aubaker. он также вдыхает и выдыхает, как он это выразил. каждый раз, когда я беру волосы, аубакир удивляется, что первый встречает меня. перевести пожить перевести
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
kuku228812.11.2021 18:28
-
SlavaRPSS01.02.2022 16:30
-
NastyKot1524622.04.2021 15:31
-
lehakharitonov03.05.2020 23:50
-
Alekseimiller11.04.2022 01:21
-
ZONAl08.11.2022 20:30
-
кэтси17.07.2020 06:05
-
Ytkakiki20.08.2021 10:58
-
sisennova0318.08.2022 11:27
-
IMP3R1UM26.10.2021 15:22
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.