oilga03
30.04.2023 15:29
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

ТРИ ВОПРОСА ПО ТЕКСТУ Тұмар (Томирис) ханша – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты патшасы. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімі Ахемен әулетінен шыққан, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты.

Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп, жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамайды.

Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталады. Ақырында түркі сақтар парсылардың әскерін қырып салады. Кир жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Осылайша түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан тәуелсіздігін сақтап қалады. Томирис осы әрекетімен тарихқа енеді

100
378
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

о23072005
4,4(97 оценок)

Объяснение:

ХЫ ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.

ХЫ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен ХЫ ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. ХЫ ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.

Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай ХЫ ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болады. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Қорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. ХЫ ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS