1-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін, тақырыбы мен тілдік құралдарын ажыратыңыз. Асты сызылған сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз. Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауызсудың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтің сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iссапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiз, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiмшартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған.
2 из 4
Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы», – дейдi М.Әбенов.
2-тапсырма. «Менің болашақтағы мамандығым» тақырыбында жинақы жазыңыз. Сөз саны: 70-80 сөз.
3-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Сөз тіркесінің басыңқы сөзіне қарай түрлері
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
2. Алғаш ұшқанда тіркесінің түрі
A) есімді тіркес
B) етістікті тіркес
C) есімдікті тіркес
D) зат есімді тіркес
E) сын есімді тіркес
3. Ғарыштан бақылауға болатын заман тіркесінің байланысу түрі
A) қиысу
B) матасу
C) меңгеру
D) қабысу
E) жанасу
4. Жердiң жасанды серiктерi тіркесінің байланысу түрі
A) қиысу
B) қабысу
C) жанасу
D) меңгеру
E) матасу
5. «Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi» сөйлеміндегі тіркес саны
A) 3
B) 4
C) 5
D) 6
3 из 4
E) 7
6. «Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады» сөйлеміндегі баяндауыш
A) Жер шарына
B) қаупі бар
C) апаттардың
D) алдын алады
E) алады
7. Атмосферасын зерттейдi тіркесінің байланысу түрі
A) қиысу
B) матасу
C) меңгеру
D) қабысу
E) жанасу
8. Жанасуға тән қатар
A) жалғау тәсілі
B) демеулік шылау тәсілі
C) орын тәртібі
D) интонация
E) қосымша тәсілі
9. Қабысуға тән қатар
A) жалғау тәсілі арқылы байланысқан есімді тіркес
B) септеулік шылау арқылы байланысқан есімді тіркес
C) орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті тіркес
D) жалғау тәсілі арқылы байланысқан етістікті тіркес
E) орын тәртібі арқылы байланысқан есімді тіркес
10. «Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк» сөйлеміндегі меңгеру
A) мәселен керек
B) ауыл шаруашылығын
C) ауыл шаруашылығын дамыту
D) дамыту керек
E) дамыту керек дейiк
179
254
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
SHTUJDLXP14.07.2021 12:01
-
nadyukov13.09.2020 08:44
-
OPGG30.11.2022 12:01
-
Popyliarnich02.11.2021 11:55
-
Aleksandr54103.10.2021 04:40
-
davo2005130.05.2022 17:18
-
mayte06.04.2021 21:06
-
kayseriliadige12.02.2022 15:20
-
MaxKryaks02.06.2023 07:19
-
RedHamster10.08.2021 03:31
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.