Есть ответ 👍

СОЧ Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Екі достың әңгімесі
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден-сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым ұрды!»
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан құтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды", — деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын! - деген екен. (125сөз)

1. Мәтіннің негізі ойды анықтайтын 3тірек сөзді жазыңыз.
1-тірек cөз
2-тірек cөз
3-тірек cөз [1]

2.Тындаған мәтіннің автордың көзқарасын, негізгі ойды анықтаңыз. Екі дұрысжауабы бар
А) жаман жолдас
В) берік достық
С) еңбек туралы
Д) білім туралы
Е) шынайы достық туралы [1]

3.Берілген күрделі сөздердің(сөз тіркесі) мағынысын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
оқу озатты[1]
оқу залы [1]
ақша табу [1]

Оқылым
1-мәтін
Берілен үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
...Балықшылар қараңғыда қайдан шықанын білмесе де, үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қозғалуға қорықты. Және қалай қарап жүрерін білмей, ашықмұз үстінде, жел өтінде бір топ кісі бүрсендеп тұр.
Кешегі күні олар тірі қаламыз деп ойлаған жоқты. Теңізге шыққасын жұқа мұз быт-шыт боп, балықшылар бет-бетіне ығып кетті. Тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес тайып, теңізге құлады.
Онан үш балықшы үсіп өлді. Құлтума да шалажансар, кірпігі ғана қимылдайды. Іштеріндегі Еламан, Кәлен, Мөнке, Дос қана. Әзір Рай аяғынан басып тұр. Аяғындағы етікке су өткен еді. Аязға шыққасын қайыс етік құрысып қалды; қанша сыр бермейтін десе де, таң алдыңдағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап,Еламанның иығында дір-дір етіп тұр. Ауық-ауық жүгіріп алады, онда да құрысқан қайыс етік аяғын сығып, ауырсынып тұра қалады
« Қан мен тер» Ә. К. Нұрпейісов 126(сөз)
2-мәтін
Ғафу Қайырбеков
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көріне,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Соңымнан тауы Баянның
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Телміріп қарар ма екенсің? 74(сөз)

1.Берілген шығармалардың түрлерін аңықтаңыз.Тиісті шаршыға белгісін () қойыңыз.

өлең, хат әңгіме, өлең мақала, очерк хат, памфлет
[1]

2.Мәтіндердің құрылымына қатысты сұраққа жауап беріңіз.
Мәтіндердің құрылымдық бөліктері толық сақталған ба?
А) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, негізгі бөлімі жоқ
Б) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, қорытынды бөлімі жоқ.
С) Мәтіннің бастауы , негізгі, қорытынды бөлімдері бар, толық сақталған.
Д) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес,екінші мәтінде толық сақталған.
Е) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық сақталған, екінші мәтінде толық емес.

Жазылым
Тақырыптардың бірін тандаңыз. Тақырыпқа оңтайлы шешілу жолдары усініп эссе жазыңыз.Эссе құрылымын сақтаңыз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай қызметін және шартты рай жұрнақтарын орынды қолданыңыз.Символ мен кеіптеу түрлерін қолданып жазыңыз.

1.Арал теңізінің мәселесі.
2.Судың тіршіліктегі пайдасы.
3. Достықты сақтау – киелі іс.

254
370
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

vagiz7000
4,8(1 оценок)

Про что нужно пословицы не написанно, надеюсь что эти подойдут. 1.достық жоқ жерде табыс жоқ.- где нет дружбы, там нет успеха. 2.досы жоқ – тұзы жоқ тағам.- жить без друзей, что есть пищу без соли. 3.ер туған жеріне, ит тойған жеріне.- человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась. 4.құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды. -маленький воробей и тот свое гнездо оберегает 5.отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің. -родину предать – себя заживо схоронить. 6. – көңiлдiң гүлi, көздiң нұры.- дети – цветы души и свет для глаз. 7.бесіксіз үйде береке жоқ.- в доме, где колыбель не качают, уюта не бывает. 8.әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.- cын берет пример с отца, дочь - с матери. 9.қонақ келді — ырысын ала келді.- гость приходит — счастье в дом с собой приводит. 10.ата ға сыншы.- детям судья отец.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS