«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
Оқылым
Тапсырма
Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
[10]
А мәтіні
Элон Маск Марсты игеру үшін термоядролық қаруды пайдалануды ұсынды
Америкалық миллиардерді бізге «Темір адам» фильмінен белгілі Тони Старкқа теңейді. Элонның SpaceX компаниясы бір зымыранды бірнеше рет қолдануды ұсынса, Tesla концерні электромобиль құрылымын дамытуда еңбек етіп келеді. Ал SolarCity болашақта Жерді Күн энергиясымен қамтамасыз етпек.
Америкалық кәсіпкер өзінің кезекті сұхбатында Марсты игерудің екі түрлі жолы бар екенін мәлімдеді. Біріншісі көп жылдық еңбек пен қаржыны талап етсе, екіншісі отарлауды жылдам жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
«Біз Марсты Жердің аналогына айналдыра аламыз», - дейді Маск.
Марс ғаламшары Күннен Жерге қарағанда біршама алыста орналасқан. Сондықтан Марс бедерінің орташа температурасы –40°С болып, мұздықтармен қапталған. Оның айтуынша, Марстың қалыпты атмосферасын қайта қалпына келтіру үшін жаһандық жылыну үдерісін қолдан жасау керек, яғни мұз болып жатқан көмірқышқыл газын еріту қажет. Көмірқышқыл газы Марс атмосферасы қабатын қалыңдата түспек. Ол үшін а қызыл ғаламшарға жылытатын генераторларды орнатуға міндетті. Бұл – көп қаржыны талап ететін қажырлы еңбек.
Элон Маск бұл мәселенің оңай шешімі термоядролық бомба болатынын ашып айтты. Егер бүгінгі таңдағы аса қауіпті қару Марсқа тасталса, мұз кейпіндегі көмірқышқыл газы еріп, атмосфера құрылымы өзгереді.
Айта кетсек, Элон Маск осыған дейін де ғылыми негізі бар болжамдарды айтқан болатын.
Ә мәтіні
Электр тоғын әуеде ойнатқан ғалым
Никола Тесла – мың жылда бір өмірге келетін ғажайып таланттылардың бірі десек қателеспейміз.
1856 жылы Австрия империясына қарасты Смилян қаласында өмірге келген Никола Тесла бала кезінен-ақ ерекше қабілетке ие болатын. Мектепті бітіргеннен кейін әкесінің қарсылығына қарамай Австриядағы жоғары оқу орнына оқуға түседі. Студент кезінен-ақ түрлі өнертапқыштығымен жұрт назарына бірден ілігеді. 28 жасында-ақ түрлі марапаттарға ие болады. Өз армандарын орындау мақсатында 30-ға толмай жатып Нью-Йоркқа келеді. Бірақ көп өтпей бейтаныс қаладағы алаяқтарға алданып, бар жиған-тергенінен айрылып қалады. Дымсыз қалған Тесла көшеде бұзылып қалған электр техникаларын жөндеп ақша таба бастайды. Осылай күн көре жүріп ол ғылыми ізденістерін де тоқтатпайды. Кейін тәжрибелі маман ретінде «Вестингауз электрик» компаниясына жұмысқа кіреді.
1893 жылы Чикагода болған бүкіләлемдік көрмеде ерекше оқиға орын алады. Никола Тесла денесінен 2 миллион вольтты тоқты өткізіп, қолына электр шамдарын алып жағады. Мұның сырын сұраған адамдарға: «Әңгіме электр энергиясы қуатының қаншалығында емес, оған қалай жалғануда», – деуден арыға аспайды. Осы жылы толқынды радиоұзатқышты ойлап табады. Бұл дегеніміз жердің бір бұрышынан екінші бір бұрышына электрді сымсыз-ақ жеткізу еді.
Ол Колорада да талай тәжрибелер өткізді. Жасанды күн күркірі, найзағай шақыру жолдарын ойлап табады. Өзі құрдырған арнайы мұнарадан біршама қашықтықтықтағы 200-ге тарта электр лампасын сымсыз-ақ жағып жиналғандарды таң-тамашағабатырады.(190 сөз)
А мәтіні Ә мәтіні
Мәтіндердің стилі
Мәтіндердің тақырыбы
Автор көзқарасы
Мақсатты аудиториясы
Құрылымы
Тілдік ерекшеліктері
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап , таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазыңыз [10]
1) «Парасат» журналына «Қазақстанда көші-қон мәселесіне қатысты оралмандар мен келімсектер қандай қиындықтарға кездеседі?» деген тақырыпта 150-180 сөзден тұратын мақала жазыңыз.
2) Адам өмірін жеңілдету үшін қандай өнертабысты ойлап табар едіңіз? Ғаламдық мәселелермен байланыстырып, «Егер мен ғалым болсам...»деген тақырыпта өз көзқарастарыңызды дәлелдеп жазыңыз.
241
395
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Amerilove5713.06.2020 03:06
-
axieva3512.05.2023 13:29
-
ayatyusubova104.01.2021 08:12
-
dancevera201707.04.2021 00:56
-
kolesnikov2002121.05.2022 03:02
-
Granger34105.06.2020 06:54
-
Дмитрий30822820.07.2022 05:52
-
mara142708.03.2021 09:37
-
morente18.04.2022 16:35
-
egorkrutou9807.06.2021 05:14
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.