Есть ответ 👍

каз.яз надо составить словосочетания с первого столбика и второго​

155
276
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Басқарма: Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Өздерің білесіңдер, мен ауданға жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің ауданның тоғыз колхозына жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.

(Жұрт дабырласып кетеді.)

Басқарма: Сабыр, сабыр, ағайын. Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріне жетпейді. Және қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше! Тамақтарын ішіп болса, балаларды алып шық.

Бәйбіше: - Қазір, ақсақал.

Басқарма: - Ал, былайырақ тұрыңдар, балаларға орын беріңдер. Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.

Басқарма: - Ал, Дәуренбек, дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт

Дәуренбек: - Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау. Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен таныстырып шығайын. Стройдың басында тұрған екеу – қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы- Нартай, анау – Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соң татар баласы, аты – Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған, жалпақ бет, тақыр бас қара – қыз бала, қалмақ, я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісізәрі мылқау. Ең соңындағы – жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз қалған соң алынған екен. Үкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар. Мен болдым, басеке, сөз өзіңіздікі. 

Басқарма: - Сөз дейтін не сөз бар... Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айырылып қайтты. Жиырма төртінен қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күшкөлік баға ма. Әйтеуір артының қайырын берсін... Сөз дейтінне сөз бар, біз баладан айырылсақ, мына алдарыңда тұрған – атадан айырылған жетімдер. Екі жарты – бір бүтін...

Бригадир Берден: - Тоқта! Тоқта, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақаң да, мына Тілеубай да, өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ етбауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз. 

Басқарма: - Мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш, өкпе болмасын. Ақа, жол сіздікі. Таңдаған балаңызды алыңыз.

(Ахмет шал балалардың бір-біріне жабысып тұрған екі қазақ баласын тізерлеп бауырына қысып, маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан тұрып, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.)

Ахмет шал: - Мен осы мықтының өзін алам. Баланың аты кім?

Басқарма: - Еркіңіз білсін.

Дәуренбек: - «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едіңіз?

Ахмет шал: - Әй, сен не шатып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба!

Дәуренбек: - Сақалыңыздың ағында жаңсақ іске аяқ бастыңыз.

Ахмет шал: - Неміске сен үш саусағыңды берсең, мен үш ұлымды бергем. Мына жұртты бөгемей, баламның атын айт.

Дәуренбек: - Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз.

Ахмет шал: - Зекпри Болыпкен... Қалай, қалай?

Дәуренбек: - Зигфрид Вольфганг Вагнер.

Ахмет: - Е, жөн-ақ. Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр үйге кеттік. Апаң күтіп отыр. Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма, жүр үйге.

Объяснение:

өзіні керек жерін аласынғой

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS