Ответы на вопрос:
Біздің заманымыздан бұрынғы V-ІІ ғасырларда, яғни темір дәуірінде Қазақстан аумағын «сақ тайпалары» мекендеді. Тарихи деректерге жүгінсек, ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атаса, бұл атау ежелгі парсы деректерінде «құдіретті еркектер», ал иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» деп түсіндіріледі. Қазақстан аумағында сақ тайпаларының бірнеше түрі мекендеген. Солардың ішінде өзіндік айырмашылығы мен тұрмыс-тіршілігіне қарай тарихшы-ғалымдар оларды негізгі үш түрге бөледі. Оның бірі шошақ бөрік киген сақтар– «тиграхауда» деп аталса, теңіздің арғы жағындағы сақтар – «парадарайа», ал жылқының сүтін ашытып хаома сусынын, яғни қымыз дайындайтын сақтар – «хаомаварга» деп аталды. Шошақ бөрікті сақтар негізінен Жетісу жері мен Сырдарияның бойында өмір сүрді, ал теңіздің арғы жағынан келген сақтар Арал теңізі және Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысын, хаома сусынын дайындайтын сақтар Мұрғаб өзенінің аңғарын мекендеген. Сондай-ақ, сақтардың қазақ жерінің әр аймағын мекендеген исседон, аримаспы, аргиппей, каспий, дай, массагет деген түрлері болды.
Сақтар туралы тарихи деректер әйгілі грек тарихшылары Геродот пен Страбонның еңбектерінде көптеп кездеседі. Мәселен, өз еңбектерінің бірінде Геродот сақтар жөнінде: «Сақтар бастарына қалың киізден тігілген, тік тұратын шошақ бөрік киеді. Ешкім шалбарсыз жүрмейді. Олар үнемі садақ асынып, өткір қылыш ұстайды. Әдемі айбалталары да бар» деп жазады. Ал Страбон еңбектерінен массагет сақтар туралы: «Массагеттер тек күнді ғана құдай деп санап, оған құрбандыққа тек жылқы шалады. Оларда күміс жоқ, бірақ қола мен алтын өте көп. Сақтар – турашыл, уәдесінен айнымайтын және ат құлағында ойнайтын өте қайсар халық болды» деген жолдарды оқимыз. Міне балалар, осындай деректерге қарап отырып біз ежелгі ата-бабаларымыздың асқан жауынгер, әрі батыр халық болғанына көз жеткіземіз.
Сақтар шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлерімен айналысқан. Осы жерде балалар, мұндай шаруашылықтардың өзара айырмашылығын білуіміз керек. Мәселен, көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз – шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы жерлерге маусымдық көшу болса, жартылай көшпелі деп, жазда – жайлауға, күзде – күздеуге, көктемде – көктеуге, ал қыста – қыстауға көшіп отыратын шаруашылық түрін айтамыз. Отырықшы шаруашылықта адамдар суы мол, өзен-көлдердің жағасына қоныстанып, дәнді-дақыл егумен айналысқан. Көшпенділер бар уақытын ашық аспан астында, кең далада өткізген. Олар табын-табын малдары мен дүние-мүліктерін өздерімен бірге алып жүрді. Көшіп-қону барысында ер адамдар атпен жүрсе, әйелдер мен қарт адамдар, балалар киізбен жабылған дөңгелекті арбамен көшкен.
Сақ қоғамында көшпелі мал шаруашылығы негізінен Батыс және Орталық Қазақстанда, ал жартылай көшпелі мал шаруашылығы Шығыс Қазақстан мен Жетісу жерінде кең тараса, шаруашылықтың отырықшы түрі Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарларында жақсы дамыды. Сақтар төрт түлік малдан жылқы, сиыр, қой және түйе өсірген. Олар бұл жануарлардың еті мен сүтін тамаққа, ал жүні мен терісін киім-кешек тігуге пайдаланды. Сақтардың шаруашылығында «жылқы» өсіру маңызды рөл атқарды. Өйткені, сақтар жылқы малына аса құрметпен қарап, оны өте жоғары бағалаған. Мәселен, көсем немесе атақты жауынгер дүние салғанда, о дүниеде иесімен бірге жүрсін деген ниетпен оның астындағы атын да қоса жерлеген.
Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарында тұратын сақтар міну және жүк арту үшін түйе өсірді. Сондай-ақ, мал шаруашылығында ет, жүн, тері беретін қойдың а маңызы зор болды. Сақ тайпаларында қазіргі құйрықты қойларға ұқсайтын ірі, орақ тұмсықты қойлар кең тараған. Бұлар суыққа аса төзімді, алыс жолға шаршамайтын және тебініп жайылуға бейім, шөбі сирек жайылымдарды қанағат тұтатын, әр тез қоңданатын мал еді. Сақтардың шаруашылығында ірі қара аз өсірілді. Өйткені, олар жылқы мен қойға қарағанда тебіндеп жайылуға қабілетті болмады. Сондықтан, сақтар ірі қараның тек көшпелі өмірге бейім тұқымдарын ғана ұстаған. Дегенмен, көптеген сақ тайпаларында мал шаруашылығы егіншілікпен қатар жүргізіліп, егін егуде тары, бидай және қарабидай өсірген. Отырықшы сақтардың баспанасы балшықтан немесе ағаштан салынды . Уақыт өте келе отырықшы сақтардың қоныстары ғана емес, қолөнері мен саудасы да дами бастады. Осылайша балалар, біз бүгінгі сабағымызда ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекендеген сақ тайпалары жөніндегі тарихи мәліметтерден хабардар болдық.
қар барысы өте сақ. көбіне түнде жортуылдайды. ымырт түсе бастағанда қорегін іздеуге шығады. ақ аю суда жақсы жүзеді. бір жүзгенде тоқтамай, 100 шақырымды еңсеруі мүмкін. судан құп-құрғақ күйі шығады. жүні майлы болғандықтан, су жұқпайды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Polinadonut21.09.2022 21:46
-
asylzhan197723.01.2023 23:01
-
grigorijperever01.12.2020 11:23
-
fsychih4625.06.2022 02:17
-
lisnyakmashenk10.07.2021 00:03
-
Дайяник26.11.2022 05:26
-
pech22806.10.2022 03:18
-
artem222529ozd6op28.08.2020 18:44
-
Cole2122.07.2020 10:28
-
masgovorchenko09.01.2021 12:55
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.