Есть ответ 👍

Қышпақ Сейітқұл .ангимеде қандай өзекті мәселе көтерілген​

147
167
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:


Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобрымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қыялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.

Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі

елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.

Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жыйып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малы

trololoshka25
4,4(96 оценок)

Қыпшақ Сейітқұл деген арғы атамыз елді отырықшы қылу мақсатымен Асан қайғы бабамыз секілді біраз жерді аралаған екен. "Ат арық болса жер семіз" деп атын сипай қамшылап біраз жерді шарлапты. Қас қарайған кез болса керек, бір таудың етегіне түнемекке ат шалдырып, тоқымын төсеніп, ерін жастанып жата кеткен екен. Түннің бір мезгілінде таудан етекке тастар домалап түсе бастайды. Әлгі кісі тастың екеуін алып "ертең көремін" деп қалтасына сала салады. Ертесіне қараса манағы тастар екі түйір алтын болып шығады. Сөйтсе, "көшкен алтын екен" дейді-мыс. Сол алтынын қаражатқа айналдырып, Қабырға өзенінің бойына қазық қағып, елінің басын біріктіріп, елге мал жинап, егін егіп, мал емшегі мен жер емшегін қатар еметіндей еліне үлкен бастама бастап берген екен дейді-мыс.

Объяснение:

maral1505
4,7(75 оценок)

ответ: на русском:

16 декабря наша страна отмечает главный национальный праздник – День независимости Республики Казахстан. В этом году независимому Казахстану исполняется 31 год. Наша страна нелёгкий путь, стремясь к независимости, испытала сложные этапы становления.

За годы своей независимости Казахстан добился больших успехов в самых различных сферах, таких как политика, экономика, социальная сфера, культура и спорт.

В 1995 году по инициативе Елбасы - Нурсултана Назарбаева создана Ассамблея народа Казахстана.

Также наша страна отказалась от ядерного оружия. Мы построили новую столицу - город Нур-Султан.

В 2017 году Казахстан провел Международную специализированную выставку ЭКСПО. В ней приняли участие 115 государств и 22 международные организации.

Я верю, что моя Родина - Казахстан, будет процветать еще много много лет.

На казахском:

16 желтоқсанда еліміз басты мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлайды. Биыл тәуелсіз Қазақстанға 31 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздікке ұмтылып, қиын жолдан өтті, дамудың қиын кезеңдерін бастан өткерді.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде саясат, экономика, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт сияқты түрлі салаларда толағай табыстарға қол жеткізді.

1995 жылы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Еліміз де ядролық қарудан бас тартты. Біз жаңа астана – Нұр-Сұлтан қаласын салдық.

2017 жылы Қазақстан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Менің Отаным – Қазақстан әлі талай жылдар өркендейтініне сенемін.

Объяснение:

(Сома составляла)

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS