Есть ответ 👍

Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?” тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.​

144
494
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Саляриум
4,6(43 оценок)

Менің ойымша уақытты тиімді пайдалану үшін осының барлығын орындау қажет. Яғни:

1. Өзініз ұнататын іспен айналысыңыз. Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында. Қызығушылықтарына (хобби) аз уақыт бөліп, жұмыстарына үнемі шағымданып жататын адамдар аз емес. Сондықтан, сіздің табыс көзініңіз бен сүйікті ісіңіздің арасында байланыс болғаны дұрыс.  

2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз. Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз. Өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермеуге тырысыңыз. 

3. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?"Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.  

4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз? Бір жылдың ішінде қандай жұмыстарды атқарар едіңіз? Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді. Бұл арқылы адамдар нақты  жоспар құрып, сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды. 

5. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоспарлар мен мақсаттарыңыздың тізімін жазып, түртіп отыратын қойын дәптердің болғаны дұрыс.

6. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.Бастаған ісіңізді аяқсыз калдырмаңыз.

7. Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет.Көптеген адамдар өздеріне жақын жұмыстардан бастағанды жөн көреді. Дегенмен, күнделікті атқарылатын істердің тізімі маңыздылығы бойынша құрылатын болса, бұл адамға жоспар бойынша рет ретімен жұмыс істеуге көмектеседі. Әрбір аяқталған істерді тізімнен сызып тастауға болады.Сонда адамдар жоспарларының бір бөлігінің жасалғанын көріп, ары қарай бар күшімен жанталасуға дем береді. 

8. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз. Күнде ұйықтар алдында өз-өзіңізге жауап берініңіз. Қандай жұмыстар орындалды, орындалмағандары болса себептерін іздеп, өз істеріңізге талдау жасаңыз.  

9. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, бірінші реттен олжалы аяқтауға бар күшіңізді салыңыз. Бұл қателіктердің аз болуына және екі жұмыстың жасалмауына жол береді. Ең бастысы, өте мұқият болып, әр қадамыңызды тексеріп отырыңыз. Ешқашан жоспарларыңызды кейінге шегіндірмеуге тырысыңыз. "Жалқаудың ертеңі бітпес"  дегендей, әрбір кейінге қалдырылған істің ұзаққа созылуы немесе мүлдем ұмытылып қалуы мүмкін. 

10. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Уақыт өте келе адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, сондықтан демалысқа да дұрыс уақыт бөле білу керек. Табысты аяқталған жұмыстар үшін өзін мадақтап,  біраз үзіліс бөлу керек. Бірақ, демалғанның жөнісі екен деп, бос сандалудың қажеті жоқ. Демалысқа арналған уақытты да пайдалы өткізуге болады. Мысалы, қызықты кітаптар немесе жаңалықтар оқу, спортпен айналысу. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/13996/


Жаңбыр кеше қатты жауды. арай сабаққа бара алмады. қазақстан жыл өткен сайын келеді. берік ағылшын тілінде кітап оқып отыр. анна анасымен жаз демалысында атасы мен әжесіне қыдырып бармақшы. екі жылдан соң, асан оқу орнын білікті маман етіп тәмамдайды.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS