Ответы на вопрос:
Қаныш Сәтбаев атында
Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,
Сәтбаев қаласы
Сәтбаев ғаламшары,
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Сәтбаевтың мұздығы
Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,
«Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі
Сәтбаев көшесі (Алматы)
Сәтбаев көшесі (Астана)
Қазақ ұлттық техникалық университеті — Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет ,19 000 студент білім алуда .
Қазақстандағы ең көне және алдыңғы қатарлы техникалық университет, ол тау-кен және мұнай өндіру саласында көптеген зерттеулерімен танымал. Сексен жылдан астам тарихы бар әйгілі жоғары оқу орны Қазақстандағы техникалық білім беру ісінің көшбасшысы болып табылады. Ал техникалық мамандықтар – университеттің бетке ұстар айнасы болып саналады. Университет көпсалалы болғандықтан, мұнда сәулет және менеджмент мамандықтарын да оқуға болады.
Бүгінгі таңда Сәтбаев университеті тау-кен металлургия және мұнай-газ саласы бойынша ірі-ірі өнеркәсіп орындарымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жобаларын және жоғары білікті мамандар даярлау ісін жүзеге асырып келеді. Сондай ғылыми бағыттардың бірі – «жасыл технология» және балама шикізат көздерінен көмірсутекті шикізат өндіру саласындағы жобаларды дамыту болып табылады.
Университет құрамында сонымен қатар халықаралық білім беру және өндірістік орталықтар, қазақстандық және шетелдік өндіріс орындарымен бірлесе ашылған еншілес кәсіпорындар бар.
«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның ғылыми және инновациялық қызметі республиканың басымды 5 ғылыми бағыты бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді көздей отырып және жеке инвесторларды баулу мен мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік құралдарын қолдана отырып техникалық инновациялар құруға бағытталған.
"""Қазақмыс» корпорациясы жанындағы музей 1997 жылғы 1 тамызда «Жезқазғантүстімет» ҒӨБ Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің және Н.В.Валукинский атындағы геология-минералогия музейінің (Рудник кенті) экспонаттары негізінде құрылып, Музей-көрме кешені деп аталды. Ашылуы 1998 жылғы 23 қаңтарда өтті.
Музей-көрме кешені ауданының кеңеюіне және қордың ҚазКСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жеке заттарымен, ол және оның қызметтестері туралы құжаттар және материалдарымен толығуына байланысты корпорацияның 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 183 бұйрығы бойынша Музей-көрме кешенінің атауы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі болып өзгерді.
Музей өзінің қызмет саласы бойынша ғылыми-зерттеу, мәдени-көпшілік мекеме – Жезқазған минералдарының бірегей коллекциясы мен ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи материалдардың сақтаушысы болып табылады. Музей залдарында 2000 аса экспонат қойылған, олар экспозиция ғана емес, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да әртүрлі мәдени іс-шаралар туралы насихаттайды. Қорлар жыл сайын жаңа бірегей экспонаттармен толығады.
Музей тақырыбы бойынша ерекшеленетін үш залдан тұрады. Экспозиция аумағының жалпы ауданы 460 шаршы метр
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Murua22.06.2021 21:21
-
irishka123210.09.2020 20:03
-
Raud106.05.2021 16:34
-
ЯЯЯЯМаша16.06.2023 09:08
-
vikammirkushaoz9agx15.09.2021 08:57
-
Ольга1291929.05.2023 18:08
-
nek44416.01.2021 23:50
-
anutik786606.10.2021 07:00
-
злючка2621.12.2021 09:07
-
vasilevamarin04.02.2022 13:49
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.