Ответы на вопрос:
Қазақтың қызы – қастерлі, аяулы жаратылыс. Шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар образы болатын. Әйгілі Мұхтар Әуезовтер «Адамдық негізі – әйел» деп мақала жазғанда осындай ардақты жандар үшін шырылдады. Жүсіпбек жазатын қорғансыз Ақбілек, Бейімбат жазатын шарасыз Күлпан, Ғабит Мүсіреповтің ел анасы Ұлпаны, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайшылықты Ақбаласы, Ақанды ынтық еткен Ақтоты мен Біржанға арман болған Ләйлім шырақ, кешегі Жұматай жырлап өткен қол жетпес Ләйлә – бәрі де қазақ қызының, қазақ анасының сан қилы қасиеттерінің бір-бір жарқын көрінісі еді. Заман құбылды, қоғам ауысты, қазақ қызының болмысы мен бітімі де өзгеріске ұшырай бастады. Бұрынғы биязы да кербез, көрікті де мінезді сұлулардың орнына бетпақтықты батырлық деп түсінетін, сөз тиді екен деп ауызға келгенді ақтара салатын келте ақылды бикештер келді.
Тұмар ханша – күнгей түркі сақ халықтарын билеген атақты әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты. Томирис шайқас соңында торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді. Ол өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын таңғалдырды.
Бопай − Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі, Кенесарының қарындасы. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қаупі төнгенде, Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айырықша икемділік-тапқырлық танытып отырған, шайқасқа шыққан сарбаз болған. Мұны Бопай ханымның Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, А.Тевкелевке, И.Неплюевке, канцлер А.Бестужев-Рюминге жазған хаттарынан аңғаруға болады.
Гауһар батыр – Қаракерей Қабанбай батырдың сүйген жары, Малайсары батырдың қарындасы. Көптеген жорықтарға қатысып, ерлік істері ел есінде қалған. «Қалмаққырғанның» сыртындағы тауға Гауһар батыр қарауылға шығады екен» деген бұрынғылардан жеткен сөзді ақсақалдар айтып отырады. Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданындағы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын тұсында үлкен төбелердің бірі «Гауһар ана төбесі» деп аталады. Ақын Бақи Әбдіқадыровтың «Гауһар батыр» деген дастаны бар.
Сапар – әкесінің аты – Мөтең, руы – Табын. Кейбір деректерде есімі Сапура деп келеді. XVІІІ ғасырдағы Е.Пугачев көтерілісінде аты аңызға айналған батыр қыз. Аңызда "Көктемір", "Көрінбес" деген атпен дәріптелген қаһарман қыз өзін Е.Пугачев ізбасарымын деп жариялап, азаттық көтерілісті одан әрі жалғастыруды үндеген. Бұл туралы ғалым Н.Бекмаханова "Легенда о невидимке" деген кітабында жазған.
...Бұл тізімде сәл арыдағы тарихтың бұрымды батырларын атадық. Әрине, түгел-дерлік емес, бірегейлері ғана. Енді тарихтың бергі парақтарын ақтарсақ. Жетпіс жыл бұрынғы Ұлы Отан соғысына қатысқан қайсар аруларымыз жайында таңды таңға ұрып ақтарылуға болады-ақ. Өйткені, қанымыздағы батырлық қасиет бұрымды қыздарымызда да бар. Айталық, сол сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінен бастап майдан даласына сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Қарағандының әскери комиссариатына өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асса, Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Хиуаз Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып, 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. призидент жарлығымен Х.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Жауһария Сафарбекова Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта аруы Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандық қыз-келiншектер Қиыр Солтүстiкте, Карелияның омбы қарында, Смоленск өңiрiнiң қалың ну орманында, Қап тауларында, Қара теңiз жағалауында, Украина мен Белоруссия қалаларында, Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшiн болған шайқастарда батырлықтың, Отанға шексiз берiлгендiктiң жарқын үлгiлерiн танытты. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты. Мәселен, ұшақ механигi Д.Жәкеева, зениттi артиллерия расчетiнiң командирi А.Ақжолова, танкистер Ж.Байтасова, К.Тоқбергенова, Г.Талқанбаева, пулеметшi Ж.Бейсенбаева, «Қызыл әскер ақиқаты» атты майдан газетiнiң қызметкерi Р.Жанбекова, зенитшiлер А.Оразғалиева, Қ.Елубаева, А.Оразғалиева, десантшылар Р.Сыздықова мен Қ.Асанова, барлаушылар Ж.Сәлiмова, Р.Ералина, гвардиялық атқыштар дивизиясының сержанты Ш.Құсанова, әуе бақылаушылары Р.Мазитова, Н.Хамитова, Б.Тынысбекова, майдан дәрiгерлерi М.Сырлыбаева, Р.Момынова, Р.Мақашева, М.Түкiбаева, Г.Түс майдандық медбикелер С.Шынәлиева, С.Сартбаева, Ә.Орынбасарова, Қызыл Крест комитетiнiң «Флоренс Найтингейл» медалiмен марапатталған лейтенант Р.Ысқақова, байланысшы Р.Абдуллина, авиамоторшы Ә.Ақжолова, I және II дәрежелi «Даңқ» орденiнiң иегерi, зеңбiрекшi Қ.Асанова, сержант Ш. Әмiрова, радист Ш.Ботаханова, байланысшы А.Есболатова, әуе механигi, ұлы Абайдың шөбересi И.Жағыпарова, жау ұшақтарының «тамыршысы» аға сержант Р.Шамжанова, тағы-тағы көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшiн жанқиярлықпен шайқасты.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
zaharuch22.05.2022 14:20
-
micser201723.10.2020 16:05
-
даша1820065к28.12.2021 15:08
-
radmirnemyshov19.05.2023 12:41
-
selipups9603.05.2021 07:29
-
тимур37007.10.2021 12:58
-
Kros228volk22519.09.2022 11:54
-
help27621.07.2021 02:20
-
mmhhmuraad17.10.2020 07:52
-
megais16.01.2020 12:26
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.