Есть ответ 👍

Нужно сегодня Мәтінге қорытынды
2. Қою қаріппен жазылған сөз тіркестерін мезгіл үстеулермен байланыстырып,
3. Мына сөздердің антонимдерін жаз Тұрақты - беделді- жауапты-
4. Мына сөздердің тура мағынасын жаз Бастарту- өткір мәселелер -
5. Мәтіннен сан есімдерді тауып, Тұңғыш Президентке катысты бір сөйлем кұрастыр
Жазылым. П. «Елісүйген Елбасы» туралы мәліметті қалай түсінесің? Елбасының еліне жасаған іс-шараға шолу жасаңыз.

179
410
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

znatokchok
4,8(34 оценок)

Құрулы бақан басында Екі бөліп ұшырды Ай астында теңгені. Құртқа көріп батырды. Шашу шашып басына, Бұралып келді қасына. Нұрына тойып төнгені, ¬– Көзі көрмей өңгені, «Іздеген теңім келді», – деп, Патшаға салып жеңгені. Құртқа өз жарын осылай таңдады. Қазақ қызының көрінген көк аттыға ілесе бермейтін тектілігін көрсетті. Алтынмен ішін безеген, сырты күміс ақ отауын алып, қырық түйе қазына артып, қырық құл мен қырық күңін ертіп ұзатылып келе жатқан қыз Құртқа жол-жөнекей көрегендігін де танытады. «Мынау жатқан көп жылқы Кімдікі? – деп сұрады. Сонау тұрған биені Мені берсең де алғын», – деп, Батырға әмір қылады. Құртқа көрсеткен бұл көкала биенің ішінде кейін Қобыландының жан серігі болған Тайбурыл жатыр еді. Тұлпарды іштен таныған қыз Құртқа Батырға қанат болар мұндай сәйгүлікті өз басынан биік бағалайды. Кейін сол бурыл құлынды қырық күн қулықтың, қырық күн қысырдың сүтін емізіп, тоқсан күні жеткенде, «арымасын, талмасын деп, маңқа, қолқа болмасын деп, қызыл дәрі жегізіп» баптайды. «Түндікпенен күн береді, түтікпенен су береді». Алтыннан айыл-тұрманын дайындатып, Тайбурылды алты жасқа жеткізген қыз Құртқаға бір күні жылқыда жатқан Қобыланды сәлем айтады. Сұлтанының Қараманмен бірге жауға шаппақ болғанын естіген сұлу Құртқа: Қылаң етіп, қылт етіп, Сылаң етіп, сылт етіп, Шекеде шоғы бұлт етіп, Алтынды тоны жылт етіп, Саулы інгендей ыңқылдап, Күшігендей сыңқылдап, Сүмбіледей жылтылдап, Буыны түсіп былқылдап, Алтын қалпақ дулыға, Шекесінде жарқылдап, Мақпал төсек мамықтан, Алтын иек, ақ тамақ, Көтеріп басын сөйледі...

...Сұлтаныма сәлем де, Тілімді алса бармасын. Біздің баққан бурылда Қырық үш күндік кемдік бар, – деген сәлемін жеткізеді. Жан жарының бұл сәлемін естіген Қобыланды Қараманға жолдас бола алмасын айтқанда, «қатын» деген сөз естиді. Бұған намыстанған батыр Құртқаны шауып тастамаққа келеді. Сонда Құртқа «Сасып жүріп, жөн тауып, ақыл менен ой тауып...» Қобыландыны сабасына түсіреді. Төрде тұрған Бурылдың, Басын шешіп алады...

Қыз Құртқаны көтеріп, Бурыл көкке екі ұшты. Салмағымен қыз Құртқа Алып жерге бұл түсті. Жазығы әйел демесең, Құртқа қыз да тым күшті. Көкке үш рет ұшуға тұлпардың қырық үш күндік кемдігі бар екенін Құртқа осылай дәлелдейді. Сонда Қобыланды: Көлден ұшқан қаз деймін, Қаз жайлауын саз деймін, Наурыздан соң жаз деймін. Ақылы жоқ мен ақымақ, Бүйтіп жүрген Құртқамды Шауып тастай жаздаймын, – деп жан жарына ризашылығын білдіреді. Қобыланды ақыры Қараманмен бірге жауға аттанбақ болып: ...Артықша туған Құртқажан, Атың әйел десем де... Менің көзім тіріде, Ердің құнын жесең де... Осы барған сапардан Есен барып, сау қайтсам, Әйел де болсаң, Құртқажан, Хан қылармын халыққа! – деп Құртқамен қоштасады. Сонда Құртқаның даналық, көріпкелдік қасиеті көрініс табады. Ері жоқ елдің ертең қандай күйге душар болатынын жеткізеді. Бірақ батыр айтқанынан қайтсын ба?! Ақыры Қараманның соңынан кетеді. Бір-ақ күнде алты айшылық жолды басып, Құрдасын қуып жеткен Қобыланды: Көрдіңіз бе, Қараман, Қатынның баққан атын-ай! Қатын да болса білдің бе, Құртқаның асыл затын-ай! – деп құрдасының кезінде өзіне айтқан «қатын» деген сөзін бетіне басады. Ал асыл жар Құртқа батырының барар жолын ғана емес, келер бағытын да анықтап, «Аты арыса, қарны ашса, қылсын деген азықты» Қобыландының жолына күлге көміп кеткен екен. «Күл ішінде не бар?» деп, Қобыланды күлді қарады. Ашып күлді қараса, Жая менен жал екен, Түрлі тағам бар екен. Өзін қалмақ алғанда Көк арбаға салғанда «Кез болса бұған батыр» деп, «Тауып азық қылсын» деп, Ақылды туған Құртқаның Бөтен нәрсе тастарға Шамасы келмей сұлудың, Көміп кеткен наны екен. «Өз дегені болмаса, жөнге келмейтін бала» Қобыланды жауларының «тұлымдысын тұл қылып, айдарлысын құл қылып» ақыры жеңіске жетеді, алты жасында әміріне алған Құртқамен азамат болып, некелеседі.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS