Ответы на вопрос:
ответ:Алайда, осы сөздің мәніне терең ой жүгірте бермейтініміз жасырын емес. Ұлтымыздың арғы-бергі тұрмыс дағдысында батаға ерекше көңіл бөлінген. Өмірге келген баланың әрбір сәтіне батаның қатысы бар. Айталық, «Фатихасын беру» деген дәстүр де болған. Фатиха – батиқа деген Құран Кәрімнің сүрелерінің, яғни «Құранның анасы, кітаптың кілті» деген мағына беретін болса, «Фатихасын беру» дәстүрі де осы мағынамен қанаттас ұғымнан туындайды. Яғни, оқуға түскен шәкірттің ұстазына берілетін сыйлық. Білім жолындағы жолы ашық болсын деген мағынада «ұстазынан бата алып, ғылым жолына түссін» деген ниетте берілетін сый-сиапат. Тағы бір қырынан қарасаң, білімнің кілтін алмақ үшін дуалы ауыз, ғалымдығы мен тақуалығы қатар өрілген ұстаздан бата (дұға) алу. Міне, осыдай ізгі ниетте иләһи салихалы амалдармен басталған шәкірт өмірі әрине жаман болмаған. Қазақ даласынан шыққан көп ғұламалар осыны айғақтаса керек. Айта берсек, қазақ халқы баланың өмірге келгенде бесік той жасап, дуалы ауыз адамдарға азан шақыртып ат қойғызып батасын алса, ат жалын тартып мінгенде (сүндет той жасап) бата алған. Білім қуарда «Фатихасын беріп» ұстазының дұғасын алса, оқу бітіргенде ұстазынан білім алмай, білім ордасынан шықпаған. Үйленгенде арнайы бата алуы тағы бар. Қала берді алыс сапарға, үлкен іске кіріссе де, елі мен жерін қорғау үшін жорыққа аттанса да көнекөз, дуалы ауыз қариялардан бата алмай қоймаған. Тіпті, әрбір дастархан жайып, дәм ауыз тию сәтінде де батасыз болған ел емеспіз. Бұл да біздің Ұлы даладағы ислам дінінің терең тамыр тартқанының көрнісі іспетті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиетінде «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды. Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы. Екіншісі – мұсылманның мұсылманға жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті бар екен исі мұсылманға аян (Тирмизиден жеткен хадис). Бұл хадиске амал қылуда біздің халықтың ықыласы ерекше екенін әрбір сәті батамен өрнектелген салт-дәстүрінен танып білгендейміз. Алайда, бүгінде бата беру, дұға жасаудың өзіндік қисынын бұзып, дастархан басында дұға жасамайтын, үлкендердің батасын алуға мән бермейтін, тіпті, батаға қол жайып, бет сыйпаудан арланатын ұл мен қыз пайда болғаны өкінішті-ақ. Қазақ халқы өз ордасын тігіп ел болғанда, баталы құлдың мәртебесін біз мұсылмандық терең мағынада да қабылдауымыз қажет еді. Қазір керісінше кейбір жат ағымдардың жетегіне ерген, ақыл-жүргін өзі басқара алмайтын бауырларымыз бата беруді мүлде жоққа шығарғысы келеді. Бұл бірінші, исламды етене түсінбеушілік, екінші ұлттың салт-санасынан махұрым панарабизмнің әсіре әсері. Түркі нәсілінің бата ұғымы тым әріден бері үзілмей келе жатқан салтының бірі. Бата түркі халықтарында алғыс деп аталған. Әлі күнге бауырлас алтайлықтар «алғыш», татарлар «алкыш», ұйғырлар «алкиш», тувалар «алгыж», якуттар «алгыс» дейді екен. Осының бәрі бір мағына бата – яғни, фатихаға келіп тіреледі. Ендеше оның қандай дінге қайшылығы бар? Мәселен, бата берген батагөй ақсақалдың батасына, қол жайып отырған жамиғат «әмин», «Алла қабыл көрсін», «Алла қабыл айласын» деп жатады. Ал, осы жерде ешкендай да басқа бір нәрседен дәмету жоқ деп ойлаймын. «Бата» сөзінің қазақ қоғамындағы көрінісін қарастыра отырып, «бата» ұғымының тек тілек немесе жүрекжарды сөздер ғана емес, оның қолдану аясы әлдеқайда кең әрі әмбебап дүние екенін аңғаруға болады. Бата беру қазақ халқында әртүрлі жағдайларда орындалып отырған. Салт-дәстүрдегі белгілі бір рәсімдердің орындалуы кезінде,мысалы, қыз ұзату кезінде ұзатылып бара жатқан қызға үлкендер бата берген. Бата айту арқылы қызға рухани күш жігер беріп, бақыт тілеген. Барған жеріндегі қызға келін болудың қыр-сырын түсіндіретін болған. Батагөйдің бата сұрай келген немесе сұрамаған кісінің өнеріне, батылдығына немесе басқалай жақсы қасиеттеріне тәнті болғанда бата беретін кезі бар. Батаның бұл түрі қазақ қоғамында кең таралған. Қазіргі кезде мешіттерде кейбір бауырларымыздың бата-дұға жасалғанда қол жаймайтынын көреміз. Әрине, ешкімге қол жай деп күштей алмаймыз. Бірақ сол бауырларымыздың көбі ұлттық құндылықтарымыз жеткілікті насихатталмай жатыр деп ойлаймын.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Frisk01106.07.2022 20:03
-
Уля40422.03.2022 04:00
-
ravng25821.05.2023 16:54
-
сабрина2316.04.2021 13:12
-
pavunoxe18.05.2023 01:06
-
0Человек031.05.2022 11:31
-
KKK1157609.01.2020 18:38
-
svetik040201p01o4x13.10.2021 01:51
-
SSultanShaS09.06.2020 16:47
-
хХхмхХх04.10.2022 00:03
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.