Ответы на вопрос:
Полисемия (гр. Полy - көп + сема - таңба)[1] - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.[2]Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Níkiskastarling2802.01.2022 09:05
-
петро2710.06.2021 11:14
-
13semiy08.10.2020 05:44
-
limswildep09q0c09.07.2021 13:29
-
dyba00ozclh408.05.2020 04:35
-
OМайгад22.12.2022 09:50
-
345678901234567890520.01.2022 13:49
-
Bessihatanuamailru28.02.2022 00:55
-
2806tonia200530.03.2022 10:56
-
0KULLEP028.07.2021 10:15
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.