Есть ответ 👍

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын анықтаңыз. Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша, мысалы, шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жедел-ғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса, немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса, жел тұрады; күн бұлтқа батса, келесі күні жауын-шашын болады, ашық батса, күн ашық болады.

Осылайша қазақ атам өз жерінің табиғатын, онда болатын құбылыстарды жақсы біліп, осыған орай өз әрекеттерін алдын ала болжап отырған.

Атадан балаға ғасырлар бойы іс арқылы ұдайы қайталанып жеткен бұл асыл қасиеттерді бір-бірімізге, ұрпақтарымызға үйрету – халық дәстүрі, экологиялық мәдениетіміздің ажырамас бөліктері. Айта берсек, атам қазақ тек табиғаттың өзі берген игіліктерімен ғана күн көріп жүрген шағында жыл мезгілдеріне орай уақыттың маусымдық, айлық межелерін: көктем шыға, жаздың басында, күз түсе, қар бір жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны кезінде, өліарада, жазғытұрымда, көк шыға, ел жайлауға көшерде, күзекке көтерілгенде, қыстауға қайтар кезде, т.б., ал қысқа уақыт өлшемдерін: таң алдында, таңсәріде, елең-алаңда, таң құланиектене, күн шыға, күн көтеріле, күн құрық бойы көтерілгенде, күн арқан бойы көтерілгенде, түсте, сәске түс, тал түс, талма түс, түс ауа, түс қайта, кешке қарай, кешқұрым, ақшам кезінде, қас қарая, апақ-сапақта, қызыл іңірде, түнде, түн ортасы, түн ортасы ауа деп белгілеген.

Тіпті кейбір шаруашылық әрекеттерінің өзін экологиялық уақытпен орайластырған: жылқы күзерде, бие байларда, күзем жүн қырқымында, қозы күземде, соғым басында, ел орынға отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда; ал кейбір мезеттік сәттерді: ат ерттегенше, сүт пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет асым сияқты межелермен мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз сөне, т.б. деп келетін межелерді тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен байланысты ситуациялық уақыт өлшемдері деп те қарастыруға болады...

2. Төменде берілген уақыт өлшемдерін қазіргі уақыт өлшемдерімен теңестіріп, қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениеті жайлы 4 сөйлеммен қорытынды жасаңыз. Кестеде берілген сөздердің мағынасын дереккөздерден қарап, түсіндірме беріңіз.

Сүт пісірім

Шай қайнатым

Жұлдыз сөне

Сәске түс

Ел жайлауға көшерде

Түс қайта

ЖЕЛАТЕЛЬНО СЕГОДНЯ!​

234
380
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Әр елдің мемлекеттік рәміздері бар. мемлекеттік рәмәздерге ту, елтаңба, әнұран жатады. мемлекеттік рәміздер біздің мақтанышымыз. біздің туымыз көк түсті. туымыздың ортасынды күн және қыран бейнеленген. күн біздің еліміздің күні әрқашан жарқырап шыға берсін деген мағынада. ал, қыранның бейнесі қырандай самғап, еркін болсын, әрқашан биікте жүсін деген мағынамен бейнелеген. 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS