Azariya
04.04.2020 05:26
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Түріктердің Ислам дінінің қабылдауымен Түркі өркениетіндегі ғылыми еңбектердің саны арта түсті. Бұл үдеріс бір жағынан түріктердің дүниетанымдарының, салт-дәстүрлерінің Ислам әлемі елдеріне жайылуына жол ашса, енді бір жағынан Ислам дінінің жетістіктері түріктердің арасында да тарай бастады. Осы алыс-берістің кезінде түріктер араб әріптерімен өз тілін сөйлете бастады. Түріктердің Ислам әлеміндегі ықпалының артуына байланысты арабтар мен парсылар үшін түрік тілін үйрену қажеттілігі туды. Өйткені тоғызыншы ғасырдан бастап, түріктердің құрған Ғазнауилер мемлекеті, сосын Селчуктар мемлекеті Ислам әлемінде негізгі күшке айналған еді. Ислам дінін жаңадан қабылдап, Ислам дінінің таралуына жан-тәнімен атсалысып жатқан түрік-мұсылмандарды тану қажеттілігін Қарахандар мемлекетінен шыққан ғұлама Махмут Қашқари өтеді. Оның жазған «Диуанү лұғати әт-түрік» яғни «Түркі тілдері жинағы» еңбегі түріктердің тек қана тілі емес, сонымен қатар салт-санасы, дүниетанымы, жер аттары, ру аттары, қысқасы түріктерге қатысты барлық ақпаратты қамтитын энциклопедия болып саналады. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Махмут Қашқари және оның «Диуани лұғати әт-түрік» еңбегі болып табылады. Махмут Қашқари 1029 жылы Қарахандар мемлекетінде, Ыстық көлдің жағасындағы Барысқан деген қалада туылды. Ұлы тұлғамыздың толық аты-жөні – Махмут ибн-әл-Хусейн ибн-Мухаммед әл-Қашқари. Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы кезінде түріктердің аты-жөндері -ов, -ова, -ев, -ева болып бітетініндей, Түркі-Ислам өркениеті кезінде де түріктердің аты-жөндері араб пішінін алған еді. Егер тұлғамыздың толық аты-жөнін ашып, тарататын болсақ, ол Хүсейіннің баласы, Мұхаммедтің немересі және Қашқар қаласынан шыққан. Махмут жастайынан жақсы білім алды. Онсыз да Қарахандар мемлекеті өзінің ғылымы мен медреселерімен тарихта танымал. Махмут Қашқар қаласындағы Сәжие медресесінде оқыды. Онда сол кезеңнің Имам Захид Хусейн сынды белгілі ғалымдары сабақ беретін.

Махмуттың тегі Қарахан әулетімен тікелей байланысты. Мысалға, 1056 жылы Қашқарда билікке оның атасы Мухаммед Бурахан келді. Тарихтан мәлім болғандай, Қарахан әулетінің шығыс қанатын билеген өкілдері «бура» атағын алады. Ал әулеттің батыс қанатын билеген өкілдері «арыслан» атағын алады. Есімізге түсіре кетсек, Юсуф Хас Хажип Баласағұни өз еңбегін Баласағұн билеушісі Сүлейман Арысланханға тарту еткен еді. Қашқар қаласын Махмуттың атасынан кейін әкесі Хусейін билейді. Алайда, 1057 жылы қалада бүлік шығып, Махмут батысқа қарай қашуға мәжбүр болады. Осы кезден бастап, Махмут түріктердің тілдері туралы зерттеуін жүргізе бастайды. Диуанү лұғаттың берген мәліметіне қарасақ, Махмут түріктер тұратын барлық өңірді аралап, шарлап шыққан. Ақырында батыстағы оғыз-сечуктардың жеріне барып, одан әрі Бағдат қаласына жеткен. Шамамен 1075 жылы Махмут Бағдаттағы Ислам халифы Мұқтадирге өз еңбегін тарту етеді. 1080-жылдарда ол өз еліне қайтады. Өлім жылы кей деректерде 1101 деп көрсетілсе, кей деректерде 1126 деп көрсетіледі. Өлім жылы нақты болмаса да, жерленген жері нақты белгілі. Махмут Қашқар қаласының маңындағы Опал ауылында жерленген. Моласының үстіне үлкен кесене салынған.

Махмут Қашқариді Түркі өркениетінің ұлы тұлғасы деп атауымыздың себебі, әлбетте оның шығармасына байланысты. Түркі өркениетінің энциклопедиясы болып саналатын бұл кітаптан біз түріктерге қатысты барлық ақпаратты білеміз. Егер сол замандағы Түркі әлемімен жиырма бірінші ғасырдағы Түркі әлемін салыстыратын болсақ, мынаған көз жеткіземіз: түріктер әу бастан түрлі-түрлі диалекттерде сөйлеген. Бүгін жалпы түрік тілдері қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек ұйғыр, түркімен болып бөлінсе, ол заманда түрік тілдері оғыз, қыпшақ, арғу, шигил болып бөлінген. Енді екінші бір жағынан түріктер әр түрлі диалекттерде сөйлеп, түрлі руға бөлінсе де, ортақ «түрік» деген ұғым болған. Оғыздар, қарлұқтар, арғулар, қыпшақтар өздерін «түрікпіз» деп атаған. Басқаша айтқанда түрік рулары өздерін бір өркениеттің, бір елдің, бір халықтың бөлшегі екендігін сезінген. Алтыншы ғасырда қалыптасқан «түрік» болмысы бес ғасыр бойы өз ықпалын жоғалтпаған. Түріктер ортақ мақалдармен, ортақ жыр-дастандармен, ортақ күнтізбемен  яғни ортақ құндылықтар әлемінде өмір сүрген. Ол заман бүгінгідей ақпараттық заман болмаса да, Махмут Қашқаридің еңбегі түрік білгелерінің, шежіре мамандарының қай түрік руының қайда отырғандығын, кімнен кім тарайтындығын жақсы білген.

Махмут Қашқари бізге он бірінші ғасырдың Түркі әлемін сипаттап береді. Ол кезең де бүгінгі жиырма бірінші ғасырдай түріктердің өрлеу кезеңі еді. Түріктер бүкіл Ислам әлемінде құрметке ие бола бастаған еді. Түріктер Исламның қорғаны, Алланың әскерлері деген атқа ие болды. ​

242
323
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

palamarchk181
4,8(28 оценок)

Сол малды сарып кылып

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS