Есть ответ 👍

Өлең жолындағы қарамен жазылған сөздің мағынасын анықта​

111
218
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Nikitunnik
4,4(13 оценок)

Суретіңіз ашылмай тұр жаза аласыз ба

ZEROBONE
4,5(56 оценок)

Әдебиет әлемінің есігін ашқан сайын есіме алғаш оқыған кітабымның кейіпкері түсе кетеді. Әр кітаптың бетін ашқанда сол кейіпкерге ұқсайтын кім бар екен деп іздейтінім өзіме ғана аян. Негізінде кітапты шынымен көп оқитындардың алдыңғы қатарында едім.Ауылдық кітапхана мен мектеп кітапханасының иелері кітаптарын алып кету үшін үйге арнайы келетін.Себебі мен оқыған кітаптарымдағы әңгімелерді өзім қатарлас құрбыларға айтып беріп, қызықтырып қоятынмын. Сосын олар әрине мендегі кітапты оқуға өзара кезекке тұрып, менің үйімде азар болса 5 күн аялдаған кітап бүкіл ауылдағы қатарластарымның үйлеріне қарай жол тартатын.Осылайша өзінің кітапханадағы орнына тек кітапханашының талап етуімен ғана қайтатын. Кейінірек мен қайта-қайта ұрыс естіп, кітапханадан кітап алу қиындық тудыра бастаған кезде уәде беріп кететін болдым. Сосын ол уәдемде тұрмасқа болмады. Менен соң ол кітап бірден қолдан-қолға заңды түрде, тіркеумен өтетін болды. Бұл сонау ауылы алыс қалған балалық шағымдағы қызықтардың бірі еді. Осындай алаңсыз күндердің бірінде, есімде жоқ, 13 жастамын ба білмеймін, үйдегі менен үлкендердің оқып жүрген «Тағдыр тауқыметі» деген кітабы қолыма ойда жоқта түсіп қалды. Авторы есімде жоқ.Бірақ үлкендерге арналған кітапты қолыма алсам да жүрексінуді білмейтін мен басқа өмірдің тұтқасын қолыма ұстап, есігін ашқанымды сезбей қалдым.Оқиғаның басында жас қыздың балалық шағының бақытты болғаны, мектептен кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, арманының орындалғанын оқып отырып, қатты қуанып отырған едім. Оқып жүрген бас кейіпкер Ардақтың өзімен қатарлас жас жігітке көңілі болғанын оқып, өзімнен-өзім ұялғаным да есімде. Оқиғадан оқиға шығып, шиеленіскен сәтінде Ардақты сырттай ұнатып жүрген сүйкімсіз бір кейіпкер арын таптамақшы болады. Өзінің жауына айналған сұмнан аман құтылу үшін Ардақ жатақхананың терезесінен секіріп кетті дегенді оқығанда отырған жерімнен атып тұрып «Жооооқ!» деп айғайлағанымды көріп атам жарықтық ұрсып еді. Отыра қап Ардақтың аман қалуын тілеген мен уақыттың уысынан шығып арықарай қанша уақыт отырғанымды білмеймін, бірақ сол Ардақ қыздың ауруханадан бірақ шығып, мүгедек боп қалғанын оқып, жылап отырғанда әпкем келіп кітабын қолымнан тартып алған. Жүрегім ауырып, 2 күнгі мазасыздықтан соң оқуға тыйым салынған, шкафтың үстіне жасырылған кітапты тауып алып, тығылып оқыдым. Ардақ сол күйі мүгедек боп қалыпты.Әйтсе де тағдыр тауқыметін тартқан бойжеткен арын сақтап қалғанынан болар, көп арман тілектеріне жетіп, енді бақытты болып келе жатқанда тағы да үйдегі үлкендерден қатаң сөгіс алып, кітаптан айырылып қалдым. Сол күйі ол кітаптың бетін ашуды маған жазбапты.Қанша уақыт, жылдар жылжып өтсе де қаршадай қыздың тағдыр тауқыметін тартса да мойымағаны, қиындыққа қарсы тұрып, кедергілерден жол таба білуі маған салып берген ар соқпағы, айтар ақылы мен құрбылық назы сияқты болып көрінген еді. Көп жылдар бойы Ардақтың өмірі қалай жалғасты екен деп ойлаймын. Әртүрлі қиялмен кітаптың кейіпкерін бақытты болғанымен аяқтаймын.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS