Есть ответ 👍

"Алтын" залында қандай бұйымдар бар? "Алтын" залына неше алтын жауынгер қойылған?
Алтын түсті құс нені білдіреді?
"Астана" архитектурасы шоуының мақсаты қандай?

207
314
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

AIDA196
4,8(89 оценок)

ответ:Ұлттық сахналық өнер саласы.

Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды.Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 жылы “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қалаларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913 – 14 жылы Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы-жастар бірлесіп, “шығыс кеші” деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар қатарында: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этнографиялық-музыкалық кеш (1914), “Біржан мен Сара айтысы” (1915, екеуі де Семейде) және “Қазақша қыз ұзатудың” (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады. Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді әрі оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды. Мұғалім Б.Х. Серкебаев (“Бақсы”, “Ғазиза”, т.б.) пен И.Меңдіханов (“Малдыбай”, бәрі де 1912) тұңғыш пьесалар жазды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) М.О. Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. 1918 – 24 жылы Ақмолада (қазіргі Астанада), Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте, Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақ драм. үйірмелері ұйымдастырылып, Ж.Аймауытовтың, Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерданаевтың, Қ.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Серкебаевтың, Ә.Сұлтановтың, т.б-лардың драммалық шығармалары сахнаға шығарылды. 1918 жылы Алматыда, Семейде, Петропавлда, т.б. қалаларда бірқатар орыс драма театрлары ашылды. “Ес-аймақ” сахнасында сол уақытта жарық көрген Аймауытовтың (“Рәбиға”, “Қанапия-Шәрбану”, “Ел қорғаны”, “Сылаң қыз”), Әуезовтың (“Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше – тоқал”), Сейфуллиннің (“Қызыл сұңқарлар”), т.б. пьесалары қойылды. Бұл спектакльдердің көпшілігін сахнада қойған Шанин мен Аймауытов болды. 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театрының (қ. Қазақ драма театры) ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. Қазақ театрының өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеуметтік-тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне жол ашты. Осы кезеңде Қазақ театры ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классик. драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады. 1928 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры республикасының жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезеңдегі Қазақ театры өнерінің қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің режисер қызметінің мәні зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған “Қарагөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Абай”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын”, т.б. драммалық шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS