Ответы на вопрос:
Абылай хан – үш жүздің қолдауымен Қазақ хандығының ханы атанған Көркем-Уәли сұлтанның ұлы, Қанышер Абылайдың немересі, Барақ ханның ұрпағы. Шын есімі – Әбілмансұр. «Абылай» жоңғардың батыры Шарышпен жекпе-жекте жеткен жетістігі үшін берілген лақап аты. «Абылай» есімінің беріле себебі, атасы Қанышер Абылайдың да қатысы бар. Кейбір деректерде Абылайдың анасы түркмен күңі болған. Он екі жасында әкесі жоңғар Цеван Рабданның қолынан қаза болған. Жас кезіндегі лақап аты «Сабалақ» болған. Оған бұл лақап атты Ташкенттен он шақырым жердегі Қарақамыс деген жерде Төле бидің түйелерін бағып жерген кезде бидің өзі қойған. Ел арасында соғыста көрсеткен ерлігі үшін жиырма жасында танылған. Жиырма бес жасында таққа отырған. Абылай ханның кеңесшісі ретінде Бұқар жырау қасында болған. 1740 жылы Әбілмамбет хан бастаған, Абылай және тағы 120-ға жуық сұлтандар Орынборға барып Ресейдің Орта жүзді өз қарамағына алуы туралы келісім шартқа қол қойды. 1742 жылы Абылай Ішім өзені бойындағы ойраттармен соғыс барысында тұтқынға түсті. Осыған дейін жоңғарлармен соғыста олардың атақты батырын өлтірген Абылай, тұтқында болған бір жылдың ішінде монғол тілін үйреніп, Қалдан-Сереннің жиі қонағы болған. Тағы оқыңыздар: Қорқыт ата туралы не білеміз? Аңыздарға сүйенсек, тұтқында Абылай ойраттың белгілі батыры Әмірсанамен жақын араласқан. Абылайды бір жылдан соң айырбас жасап, еліне қайтарған. Абылайдың тұтқыннан босап шығуына орыс елшісі Карл Миллердің атсалысқаны туралы дерек бар. 1744 жылы Әбілмамбет хандықтың орталығын Түркістанға алмастырды. 1746 жылғы қонтайшы Қалдан-Сереннің өлімінен кейін, Цин империясы жоңғарларды жаулап алып, қазақ жеріне көз тікті. Абылай әуелі ойрат әміршісі Әмірсанаға қолдау көрсетті, дегенмен кейін Цин империясымен бірігіп жоңғарларға қарсы шығуға мәжбүр болды. Орыс тарихшысы А.Левшиннің айтуынша, Абылай жоңғар мемлекетімен де қарым қатынасын бұзғысы келмеген, сондықтан да екі жақпен де келісімге отырған. 1753 жылы жоңғарлармен болған соғыста Абылай қазақ даласының біраз бөлігін босатып, 3000-ға жуық ойрат әскерін тұтқынға алды. 1754-1755 жылы қазақ жеріне қырғыздар басып кіріп, Жетісудің бір бөлігін жаулап алды. Қырғыздарға жауап ретінде Абылай қалың қол жинап, Іле мен Шу аралығын қайтарып алды. 1756 жылы Орта жүздің сұлтандары мен ханы манджур мемлекетінің билігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ, Абылай Ресей мемлекетімен байланысын үзбеді. «Айдахар мен аю» арасындағы ұтқыр саясатты ұстанып, Цин империясымен де қатынаста болды. 1759 жылы Абылай Ресей қарамағында болу ниетімен туысқаны Жолбарысты Петербургқа жібереді. 1762 жылы Қытай елшілігімен жүргізген келіссөзден соң Абылай аманат ретінде туған баласын Пекинге аттандырады, нәтижесінде қытайлар қазақтарға Чугучак және Құлжада айырбас саудамен айналысуға рұқсат берді. 1771 жылы Әбілмамбет хан дүниеден өтті, дәстүр бойынша таққа оның баласы немесе туысқандарының бірі отыруы тиіс болатын, бірақ Қанай би бастаған жүзбасылар бірауыздан Бурабайға арнайы барып, Абылайды хан сайлады. Абылай өзін үш жүздің ханы санап, орта және кіші жүздердің аумағында билік құрды. 1771-1775 жылдар аралығындағы соғыста Е.И.Пугачевпен қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар, орыстарменде келісімдер жүргізген. 1778 жылы Екатерина ІІ-нің жарлығымен тек қана Орта жүздің ханы болып сайланды. Абылай ханның 15 әйелінен 30 ұлы, 40 қызы болды. Қарақалпақ бегі Сағындық Шуақбайдың қызы Сайман ханымнан төрт ұлы болды: Есім, Әділ, Шыңғыс және Уәли. 1781 жылы Абылайдың өлімінен соң Уәли мен Есім хандыққа үміткер болды, ұзақ уақытқа созылған талас-тартыстан кейін Уәли хан болып сайланды. Абылай хан Қазақ хандарының мавзолейі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. Өзінен кейін отыз ұлын қалдырған ханның, белгілі ұрпақтарының бірі Шоқан Уәлиханов болған. Лучий ответті бас
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Vadimlvo1110.11.2021 19:27
-
тагієва23.10.2021 00:44
-
lolkekcheburek1505.01.2021 10:09
-
1KoTObOpMoT103.02.2020 01:57
-
vaco1taps14.11.2020 17:16
-
koskol84p08pdw14.04.2020 07:55
-
Настя085720.12.2022 14:56
-
VikaRayder11.08.2020 12:13
-
Тучка1204.10.2020 04:55
-
valeri091020015.05.2022 02:53
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.