Есть ответ 👍

1-тапсырма:  Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.   1б.

Қалың  орманды  бір түлкі аралап  келе жатты. Ол биік  ағаштың  басында отырған  ірі  қырғауылды  көрді де, жақындап келіп:

– Сәлеметсіз бе, қырғауыл!Қалай  тұрасың, достым? - деді.

– Жақсы  сөзіңе  рақмет!Өзіңіз  қалай  тұрасыз? - деді қырғауыл.

– Жерге  түсіп  сөйлессең  екен, шырағым, кәрімін, бір  құлағым  жөнді естімейді, - дейді түлкі.

– Жерге  түспеймін, жерге  түсуге қорқамын, жерде  әртүрлі  аңдар  бар, бізді жеп  қоюы  мүмкін, - деді  қырғауыл.

– Ей, достым, биылғы  заман  бұрынғы  емес!Бүгін  қалаға  барып  келіп  едім, «біреуге  біреу  зорлық  қылмасын» деген  бұйрық  шығыпты. Бұйрықта қой  мен  қасқыр, түлкі  мен тауық, ит  пен мысық  бірге жүрсін, көгершін мен  қаршыға  бір  ұяға  жұмыртқаласын  делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.

– Жақсы  хабарыңыз  бар  екен, досым!Ана  жақта бір  топ  иттер  келе жатыр, оларға  да  айтыңыз, олар да  бұйрықты  естісін, - деді  қырғауыл.

Ит  деген  сөзді  естіген  түлкі  алды-артына  қарамастан  қаша  жөнелді.

– Қайда  барасыз, бұйрықты  ұмытып  кеттіңіз  бе? - деді  қырғауыл.

– Кім  біледі, бұйрықты  иттер  естімеген  шығар, - деген  түлкінің  даусы алыстан  естілді.

2-тапсырма:  Мәтіндегі  кейіпкерлер мен олардың әркетін (     ) арқылы сәйкестендіріңіз.  2б.

Кейіпкер

Әрекеті

Түлкі

Орман ішінде жүріп келе жатады.

Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.

Қырғауыл

Жан-жағына қарамастан қашып кетті.

Бұйрықты естіп қуанады.

3-тапсырма: Мәтіннен  5  жалпы  есімдерді  теріп  жазыңыз.   5б.









244
336
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

ianezlo
4,6(4 оценок)

Айсыз ашық түнде жай қырағы көзге одан 90-ға жуық жұлдыз шалынады. Шоқжұлдыз жаңбырлы күз айында жақсы көрінетіндіктен Суқұюшы деп аталады. Суқұюшыдағы Р деп белгіленген жұлдыздың табиғаты қызық. Ол ұзақ мерзімдік айнымалы жұлдыздар типіне жатады. Оның жарық сәулесі 5,8 жұлдыздық шамадан 11,5 жұлдыздық шамаға дейін әлсірейді. Бұл құбылу 386,92 күнге созылады. Шоқжұлдызда ең үлкен және бізге ең жақын планетарлық тұмандық бар, ғалымдар оны “Ұлу” деп те атайды. Планетарлық тұмандықтың жұлдыздық шамасы 6,5. Дүрбі арқылы жақсы көрінеді. Оған дейінгі қашықтық 600 жарық жылына тең. Суқұюшыда ета-Акваридтер, Оңтүстік дельта-Акваридтер, Солтүстік йота-Акваридтер делінетін ақпа жұлдыздардың радианттары бар. Төңірегі Кит, Оңтүстікте Балықтар, Ешкімүйіз, Бүркіт, Кіші Ат, Пегас және басқа шоқжұлдыздармен қоршалған.

Объяснение:

жаман болса кешір.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS