Есть ответ 👍

Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет

262
420
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

mur181
4,7(84 оценок)

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы.

Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Балғожа би өз өңіріне танылған беделді, білімді кісі. Ол ұзын қыпшақ руынан шыққан. Өзі өте текті, күллі әулетті билеп, жөл көрсетіп отырған адам болған. Сондай-ақ, ол жалпы шекаралық комиссияға қызмет істеген кісі. Сол себептен де ол немересін орыс мектебіне бергісі келеді.

Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке ң біреуі болып береді. Осылайша, ол 1851 жылы қазақ балалары үшін ашылған Шекара комиссиясының жанындағы мектепке жіберілді.

Мектепте оқып жүргенінде, Шекспир, Гёте, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және т.б. сияқты әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, зерттеді. Сонда жүріп Шекара комиссиясында қызмет еткен шығыстанушы В.Григорьевпен жақын араласады. Тіпті, Григорьевтің үйіне жиі барып, оның кітапханасын қолданды.

Мектепті бітіргеннен кейін 3 жыл бойы (1857-1860) атасының қол астында кеңсе хатшысы, одан кейін Орынбор кеңесінде аудармашы болып жұмыс істеді.

1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Сөйтіп, ол меценаттың қаражатына мектеп ғимаратының құрылысын бастауға кіріседі. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Кейін мектептің жанында интернат құрылады.

Алтынсариннің мектептегі жұмысы жақсы бағаланды. 1864 жылы 22 қаңтарда Торғай қаласындағы Орынбор бекінісінің басшысы Орынбор мен Самара генерал-губернаторына «ордалықтар ашқан мектептің шынайы қуанышпен және ризашылықпен өткенін» хабарлады. Ал бұл мектептің мұғалімі Алтынсарин туралы: «Алтынсариннің үлгі болатын тәрбиесі мен көрнекі қамқорлығының арқасында мектеп өте жақсы және таза… Қырғыз оқушыларының аз уақыттағы жетістігі, қысқа мерзімде жақсы үміт беріп, осындай керемет Торғай мекемесінің жемісін жегізетіні және өздерін ақтайтынына сенімдіміз» делінген.

Айта кету керек, 1989 жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Оның өмірі мен шығармашылығына арналған көптеген ғылыми, тарихи-педагогикалық шығармалар жарық көрді. Ал Арқалық қаласында Алтынсарин мұражайы ашылып, Тобылдың жағасында ағартушының күмбез тәрізді тас ескерткіші тұрғызылды.

daa86
4,4(10 оценок)

мектептер

адаммен

анама

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS