Есть ответ 👍

Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Орталық Азия жоғарыда аталған Һeartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Еуразиялық интеграцияның қалыптасып, дамуында Қазақстанның рөлі ерекше зор. Егер Еуразиялық экономикалық одақтан Қазақстанды алып тастасаңыз, одақ өзінің еуразиялық сипатынан айырылып қалады. Қазақстан одақтың ерекше компоненті ретінде жаңа идея ұсынудан еш тартынбауы керек.
Біздіңше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы жүйесінің орнығуы, одаққа мүше елдердің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейімделудің мүмкіндіктері, т.б. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Көршілес мемлекеттермен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика. Қалай десек те, интеграцияның мәңгі емес, уақытша қадам екендігі турасында да ой түюдің артықшылығы жоқ. Интеграцияда әділетсіздіктер мен келіспеушіліктер орын алған жағдайда Қазақстан одақтан шығуға құқылы. Интеграция алдағы ұлттық дамуымыздың сапасы мен бағытын белгілеуде маңызды рөл ойнайды, өз менімізді, өзімізді, өз ұлттық жолымызды табуымызға көмектеседі.
Одақтың философиялық астарына келсек, «Мәңгілік Ел» сияқты тарихи ұлттық идеологияны орнықтыруға бекем бел буған Қазақстан мәңгі одақтың болмайтынын, мәңгі ұлттық мүдденің ғана болатынын ұмытпауы керек. Еуразиялық теория - үстіртін көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар жүйесі емес, керісінше, саясатта жүзеге асып жатқан күрделі интеграциялық жоба. Еуразиялық одақтағы Қазақстанның алатын орны еліміздің интеллектуалдық-экономикалық серпін жасауына да тікелей байланысты болмақ.

168
203
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

OskarWild
4,5(40 оценок)

  менiң атым аcя. мен сiзбiн менiң шығармамында менiң қалаулы американдық жазушы волта витманым туралы әңгiмелегiм келер едiм. мысалы, ол дастандарға аса көп жазды "мен америка естимiн өлең айтады", "шөптiң жапырақтары", "таныстыратын әлем бөпе". оның бiрiншi дастаны қашан ол басып шығарған әр түрлi пiкiрлер шақырды. в.витман американдық және олардың жұмысын мадақтады. ол ересек өмiрдiң рухы және өмiрдiң олардың әдемiлiгiн мадақтады. витман жүрекке романтик болғандығымен. оның поэзиясы романтиковтың басқа жазушылары поэзия тәрiзденбедi. мысалы, егер ол өмiр сүрiлiп болар едi болса, маған болып көрiнедi, ол американдық туралы өз дастанын қайта басып шығарды және жұмыс астронавттарының тiзiмiне, кәсiпкер, менеджер, дизайнер қосар едi тағы басқалар.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS