Ответы на вопрос:
Қазақтай қайсар халықтың бүгінгі Көшбасшысы, елін сүйген, елі сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2015 жылы Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толады!» деп жариялау жасағаны баршамызға мәлім … Бұл ақ түйенің қарны жарылған күн!
Иә, мен — бақытты ұрпақпын, өйткені мен осындай күндерде өмір сүріп жатырмын. Өз басым «адам өзінің ата-бабаларының тарихын білмей, болашаққа ешқандай қадам баса алмайды» деген пікірге толықтай қосыламын және осы бейбіт күнге қалай, кімнің арқасында жеткенімізді білу, сол туралы құнды деректерді игеру біздің бүгінгі парызымыз деп есептеймін.
Уақыт, шіркін, неткен жүйрік едің?! Кеше ғана алғашқы деп таныған көшбасшылармыз Керей мен Жәнібек бастаған қайсар халқымыз өз іргетасын қалауда қаншама қиындықтан тайсалмай өтіп, қаншама белестерді бағындырса, ал бүгін басқа елдермен терезесі тең, экономикасы қарқынды дамуға бет алған, өзгеге үлгі көрсетер мемлекеттердің біріне айналып отырмыз. Бұл зор мәртебе емес пе?!
Иә, мәртебеге жету оңай боп па? Бір сәт артқа көз салсам, сонау 1465 жылдары қазақ халқы өзінің Мәңгілік ел болу жолындағы алғашқы қадамдарын жасай бастаған еді. Тарихшылардың айтуынша, Қазақ хандығының Орталық Азия картасында пайда болуы жарты әлемді тізе бүктірген Шынғыс хан қолбасшы дәуірінен басталмақшы. Керей мен Жәнібек бабамыз Шу мен Талас аймақтарында желбіреген туымызды көкке көтеріп, қазақтың кім екенін жұртқа танытты! Осындай қазақ халқының алтын тарихында XV ғасырдың ортасы және XX ғасырдың соңы ерекше орын алған. Ерекшеліктің басты белгісі – ұлттық мемлекетіміздің дамыуы, қалыптасуы болса, ал басты оқиғасы- Қазақ хандығаның құрылуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел атануы. Бұл жерде Қазақ хандығының негізін қалаушы, алғашқы қазақ ханы Керей бабамыздың орны бөлек. Ортағасырлық тарихшы Махмуд бен Уәлидің зерттеуі бойынша алғашқы қазақ ханы Керей болғанынан хабардармыз. Жазба және тарихи зерттеулерде ең алғашқы қазақ ханының есімі -Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі екен. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы Керей атты есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы аты аңызға айналған есімді мойындаймыз. «Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб және парсы тілдеріндегі деректерде кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің негізі «ержүрек», «батыл», «алып», «берік» деген мағынаны білдіруі керек» деген тарихшыларымыздың пікіріне мен де қосыламын. Керей ханның тегі Жошы ханның тұңғыш ұлы – Орда Еженнен бастау алып, оның ұлы Сасы бұқа, одан Ерзен, Ерзеннен Шымтай және де оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан бастап, Керей ханға дейінгі шежіренің ортағасырлық деректерде керемет сақталғанына көппен бірге мен де қуаныштымын. «Муизз ал-ансабтың» дерегінен Орыс ханның яғни: 8 ұл және 7 қызы болғанына көз жеткіздік. Бірінші ұл – Тоқтақия. Оның үш мұрагері және үш гүлдей нәзік әрі көздің жауын алар қыздары болған. Орыс хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы – Керей хан болып жалғасады.

Жалпы, Керей ханның қай жылы дүние есігін ашқанын жазба деректер жазбаса да, шамамен оны XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың алғашқы жылдары туылған деп есептеудеміз. Өйткені ол Жәнібек хан екеуі XV ғасыр ортасында Моғолстанға келгенде, Шыңғыстық жолмен емес, жергілікті Дешті Қыпшақ тайпаларының заңымен жасы үлкендігіне байланысты хан боп тағайындалды. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы -Қазақстан аумағында көне замандардан бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени және рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және XIV-XV ғасырлардағы саяси процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, қазақ халқының құрылуының Еуразия тарихында да алатын тарихи маңызы ерекше. Сондықтан да қазақ құрылуының қазіргі талаптар тұрғысынан жаңаша көзқарастармен зерттеу маңызды мәселеге жатады.
Иә, зерттеу демекші … Тарихымызда өзіндік орны бар осы мемлекеттік құрылымның зерттелу тарихына келсек, бұрынғы патшалық Ресейдің, одан кейінгі кеңестік кезеңнің, сондай-ақ бүгінгі тәуелсіздік жылдарындағы тарихнамада мәселеге тікелей арналған зерттеулердің өте аз екендігі шындық. Жекелеген мақалалар мен кейбір оқулықтардағы материалдардан басқа мәселеге қатысты бір ғана зерттеу еңбегі бар екен. Ол – кеңестік кезеңдегі өзбек тарихшысы Б.А.Ахмедовтың 1965 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген «Государство кочевых узбеков» атты еңбегі.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Информатика
-
linalinalogin28.05.2020 20:29
-
Smitanka22822.05.2020 17:17
-
ggdfjfxxglvx08.12.2020 06:29
-
Lana825410.01.2023 05:35
-
школаскучаю23.01.2020 03:37
-
LIMON4IKBRO12.02.2021 00:21
-
арут426.02.2020 07:25
-
artemka10601.08.2020 17:30
-
anuta13616.06.2022 05:33
-
1357396726.10.2021 00:19
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.