Есть ответ 👍

Мәтіннен тұрлауыссыз сөйлем мүшелерін теріп жазыңыз. Ұялы телефон қазіргі заманның жаңа технологиясы. Ұялы телефонның қазір түр-түрі бар. Оның пайдасы мен зияндары да өте көп. Қазір көпшілік адамдар онымен қолданады. Бұл адамдарға өте қолайлы зат. Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар. Оны дененің кез-келген жеріне тағуға болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зиянды дейді. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің.
Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек. Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.
Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек. Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек. Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.
Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі. Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.

258
311
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

сегго
4,8(19 оценок)

Назарбаев нұрсұлтан әбішұлы (1940) – тәуелсіз қазақстанның тұнғыш президенті. туып-өскен жері-алматы облысының қарасай ауданына қарасты шамалған ауылы. днепродзержинск техникалық училищесін (1960), қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитетіне қарасты жоғары партия мектебін (1976) бітірген. ғылымның докторы, академик. еңбек жолын 1960 жылы теміртау қаласындағы қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. қазақ кеңестік социалистік республикасы министрлер кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитеті саяси бюросының мүшесі (1990-1991), қазақ кеңестік социалистік республикасы жоғарғы кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. қазақ кеңестік социалистік республикасының жоғарғы кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде н.ә.назарбаевты қазақ кеңестік социалистік республикасының ең алғашқы президенті етіп сайлады. қазақ кеңестік социалистік республикасының президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. қазақ кеңестік социалистік республикасы атауының қазақстан республикасы болып өзгеруіне байланысты қазақстан республикасы жоғарғы кеңесінің қаулысына сәйкес н.ә.назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда қазақстан республикасының президенті лауазымымен қызметке кірісті. нұрсұлтан әбішұлы назарбаев қазақстан республикасы қарулы күштерінің жоғарғы басқолбасшысы, қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы, қазақтардың дүние жүзі қауымдастығының төрағасы. қазақстанның, ресейдің, өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. нұрсұлтан әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- нұрсұлтан әбішұлы назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. н.назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. туған елінің тыныштығын, ң қауіпсіздігін ту еткен н.назарбаев америка құрама штаттарының, ресейдің, францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. өйткені ядролық державалар (ақш, , россия, қытай, франция) қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, қазақстанға қ қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. осылайша тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. президент н.назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-еуразиялық одақ құру. бұл, әрине, бұрынғы кеңестер одағын тірілту емес. еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық қ одақ өміп сүріп келеді. юнеско күнтізбесіне абайдың 150 жылдық, м.әуезов пен қ.сәтбаевтың 100 жылдық, түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, париж бен лондонда, берлин мен токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. біріншісі – 1997 жылы президент н.назарбаев ұсынған «қазақстан – 2030» стратегиясы, екіншісі –елорданың алматыдан астанаға көшірілуі.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS