Есть ответ 👍

6-тапсырма.
3. Театрда қандай қойылымдар бар?​

131
268
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

tur5
4,6(84 оценок)

Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.

Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж. Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман “Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.

Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды.


Табиғат ғажайыптары.

Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі -  қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты.  Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.

Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS