Есть ответ 👍

Нужно ответить на вопросы без переводчика) Ортеке
Психологиялық күй
Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламергеннің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде арқан етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі қыз бейнесінде келіп «О, ана, сенің балаң неге бізді сонша есепсіз қырады? Тәңір оның ісіне ырза емес. Адам өзінің керегінен артық алуға қақысы жоқ. Құламергенге сәлем айтыңыз, оның шелегі толды. Енді бір тамшы қан төксе, қарғысқа ұшырайды», — дейді. Шошып оянған анасы баласына: «Қарағым, сен арқан үстіне шықтың, ендігі жердегі саят жақсылыққа апармайды. Садағыңның бауын шешіп, аңшылықты тоқтат енді», — дейді. Алайда таутекенің терісін саудагерлерге сатып, пайдаға құнығып алған Құламерген анасының айтқан сөзіне құлақ аспай, тағы да аңшылыққа шығады. Сол күні күн бұлт болады. Тау ішіне кірген Құламерген бірде-бір текені таба алмайды. Әбден шаршап шөлдеген аңшы бір тастың тасасына от жағып, шай-су ішпек болады. Осы кезде жанынан бұрын көрмеген сүттей аппақ, мүйізі алтын бір теке көлденеңдеп өте береді. Әккі Құламерген садағын жұлып алып, қандауызға жебені салып жіберіп, шірей тартып жібереді. Жалп етіп құлаған текені дереу бауыздап жіберіп, етін мүшелеп бұзады. Терісін тұздап орап, бір асым етті қазанға салып демалуға отырады. Сол отырған бойы қалғып ұйықтап кетеді. Бір уақытта дүрс еткен әлдебір дыбыстан шошып оянады. Қараса, бағанағы өзі бұтарлап тастаған ақ теке түк болмағандай, оққа ұшпағандай, сойылмағандай қарсы алдында бүп-бүтін тұр екен. Көзінен от шашқан теке қатты қорыққан Құламергенді үш рет айналып басынан бір қарғиды да, жайылып кете береді.
Ертеңіне Құламергеннің аты үйіне бос қайтады. Аңшының анасы атты ары-бері айналып қайран қалады. Ертоқым бүтін, қару-жарағы аман, тек Құламергеннің өзі жоқ. Білгір әйел атты зерлей қарап жүріп оның бауырының күйгендігін байқайды. Байқайды да: «Балам арасанға түскен екен» деп жорамалдайды (арасан — қайнап жатқан ыстық бұлақ). Атқа мінген ана өзі білетін арасандарды аралап жүріп біреуінің ішінен әбден пісіп, сүйегі езіліп кеткен баласының мәйітін табады. Осы хикаяны естіген бір домбырашы: «Бұдан былай аңшылар жөн-жосықты бұзбасын, керегінен артық алмасын», — деп осы өнеге күйді шығарған екен.

Берілген сұрақтарға жазбаша толық жауап беру.
1. Аңшылық – саятшылыққа сіздің көзқарасыңыз қандай?
2. Өзіңіз аң аулап көрдіңіз бе?
3. Қоршаған ортаны қалай қорғауға болады?
4. Кие дегенді қалай түсінесіз?
5. Алтын мүйізді ақ теке ненің киесі?
6. Аңшылар мен аңшылық туралы қандай хикая білесіздер?

265
479
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

msveronika044
4,7(99 оценок)

Балалар саяхаттап калага барып келеды

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS