Ответы на вопрос:
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» туындысы поэзия, оның ішінде өлең жанрына жатады. Өлең 1889 жылы жазылған. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі З0 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М.Әуeзовтің айтуынша, «бұл өлең Абайдың тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен жазған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтің «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әсіре суреттегенін сөз етеді. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сезімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті: күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызықшыл» адамдарға жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен жалқаулықтан аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін көрсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Геометрия
-
maratuk2957oxmbqd06.05.2022 16:27
-
Polina21100415.09.2020 06:01
-
Yita29.09.2022 23:14
-
Angelochek0228.09.2021 14:04
-
Сл206413.02.2021 03:21
-
daschkavolf02.09.2021 16:20
-
полинаполига16.07.2021 10:56
-
sairma04.08.2022 13:41
-
DimanGame201622.03.2022 14:03
-
Kaatja17005.03.2021 04:02
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.