natlus27
04.09.2021 13:42
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

3,4 тапсырма 74 бет
5-сынып

269
473
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Жойылып кету қаупі бар жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау конвенциясы – сирек кездесетін жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы халықаралық келісім. Конвенцияның негізгі шарттары: жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігін сақтау; олардың кейбір түрлері (әсіресе, сирек кездесетін түрлері) сатылған жағдайда халықаралық деңгейде қабылданған талаптардың орындалуына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасау; сирек кездесетін не жойылып бара жатқан эндемик және реликт түрлер мен түр тармақтарын халықаралық табиғат қорғау одағының және конвенцияға қол қойған мемлекеттердің “Қызыл кітабына” енгізіп, қорғау. Конвенция 1973 ж. 3 наурызда Вашингтон қаласында (АҚШ) қабылданды. Қазақстан бұл конвенцияға 1999 ж. 6 сәуірде қол қойды. Конвенцияның 9-шы бабына сәйкес Қазақстан тарапынан әкімшілік мекемесі болып Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгіленген, ал ғылыми жауапты мекеме болып Білім және ғылым минситрлігінің Зоология институты бекітілді. Аталған мекемелер республикамыздағы саны азайып, жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда-саттық жүргізу шараларын бақылап, олардың халықаралық конвенцияның негізгі шарттарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS