Есть ответ 👍

1-тапсырма .Мәтінді тыңда,оқы ... Сақ даласын жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатканын естиді. Ол Кирге арнайы жаушы жіберіп:«Мадилардың патшасы! Ниетіңнен кайт. Өз патшалығыңа бар да билігіңді жүргізе бер!
Бізді күндеме! Бәрібір соғыспай коймаймын десең, көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма!
Дарияның бер жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге шегініп, жол ашайық. Дарияның ар жағында соғысамын десең –үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш!», дейді.
Кир патша Тұмарды соғысуға шақырады. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегінеді. Олар кеткеннен кейін Кир букіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізеді.Массагеттердің шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел өлтіреді. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардын ұлы — Спаргапты (Спаргапис) тұтқындайды. Сүйікті ұлы мен жауынгерлері туралы хабар алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді: «Қанқұмар Кир!Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп алдап, тұтқын еттің.Енді менің ақылымды тыңда:ұлымды өзіме қайтарып бер де есен-сауыңда жөніңді тап!Өйтпесең,Тәңірі атымен ант етейін, адам қанын сусының қанғанша ішкіземін!»
Бағалау критерийі: Мәтінің мазмұнын зейін қойып тыңдайды.
Дескриптор:
- мәтін мазмұнын жаңа сөздерді меңгеру арқылы түсінеді

235
407
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Дима99999910
4,7(41 оценок)

Сәлем достар! Мен сіздерге маусым айында жазған жазбамды жариялауға бел будым. Сол кездегі ойым мен сезімімді жазған едім...

Мен үшiн адам бойында кездесетiн ең керемет қасиет-қарапайымдылық!

Бүгiн аялдамада құрбымды күтiп отырған едiм, сол жерге аула сыпырушылар тобы келдi. Бұрын сыртынан қарағанда сарғыш киімдерін ғана көзiм шалатын, қандай адамдар екенiне қызығып қарап көрмеппiн. Бүгiн сол адамдарға жақыннан қарадым!

Мен отырған жерге келген аула сыпырушылар тобы бес адам екен. Үш әйел адам және екi ер адам. Ең жастауы қырық бес-елу жас шамасындағы әйел, қимылы ширақ. Ал қалған екi әйел адам алпыстың ар жақ, бер жағында болуы керек. Беттерiндегi ойдым-ойдым әжiмдерiнен өмiр жолдарында аз қиындық көрмегендiктерi көрiнiп тұр, саусақтары да ауыр еңбектен быртиып қалыпты, жел мен шаңнан қап-қара болып кеткен. Ендi ер адамдарға тоқталсам: бiрi қоқыс салатын тракторға ұқсас машинада отырды түрiн аңдай алмадым, екiншiсi алпыстардағы бiр аяғын сылтып басатын кiсi екен. Сол кiсiлердiң түр-сипаттарына қарап отыр едiм, бiр кезде қырық бес-елу жас аралығындағы әйел адам ақсап басатын ер адамға: "осы сыпырғыш саған ыңғайлы болады ғой" деп сыпыртқы әкеліп берді. Ана кiсi сыпырғышын қоқыс салғыш көлікте отырғанға көрсетiп қуанды, бәрi мәз-мейрам. Осындай кiп-кiшкентай сыпырғыш осынша бақыт сыйлайды деп ойламаппын, қызық! Неткен қарапайымдылық! Оларды қымбат көлiктер де, виллалар да қызықтырмайды, себебi олардың өздерiнiң қарапайым әлемi бардай көрiндi маған!

Университет табалдырығын ендi аттап, студенттiк өмiрдiң дәмiн бiлмесем де, студент атанғанға мәз болып, СРСП мен практикалық сабақты ажырата алмай жүрген 1- курстың бас кезi едi.Тобыма ендi-ендi үйренiп келе жатқан кезiм. Жан-жақтан жиналған еркесi де бар,салмақтысы да бар бұл топ кәдімгі бірінші курс студенттері еді.

Бiрақ олардың басқалардан ерекше, маған ұнайтын бiр қасиетi болатын. Ол-қарапайымдылық. Оларға сенiң қандай киiмде, қандай ұялы телефон ұстағаның маңызды емес, ең бастысы адамша жақсы сөйлессең жететiн едi. Бұл жолы да қарапайымдылыққа тәнтi болдым!

Сол алғаш сабаққа барып жүрген кезiмде ағам менен:

- тобың қалай екен? дегенде

- жақсы балалар екен қарапайым!- дедім. Сол кезде ағам күлiп:

-сен үшiн қарапайым адамның бәрi жақсы ма?!- деген едi.

Бiрақ расымен де мен үшiн қарапайымдылық деген барлық жақсы қасиеттердiң ортақ атауындай ал, қарапайым адамның жаман болуы мүмкін еместей көрінеді!

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS