Ответы на вопрос:
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің көзқарастарына қарсылық көрсеткені туралы күмән жоқ, бірақ оларды қырсық құлдардан сақтауға тырысты. Орташа жанұялар Ерте Вавилонда сирек кездесті. Құжаттарда көрсетілгендей құлдарды сатуға, алмастыруға, мұрагерлікпен беруге, сыйға тартуға, бір сөзбен айтқанда олардың тұрмыс жағдайына қарамастан оларды өмірлерін өз беттерінше қолданған құлдардың орташа бағасы 150-200 грамм күмісті құрады.
Егер үй бұзылған жағдайда да құл зиян шегетін болса, құрылысшы зиян шеккен құл үшін төлем төлеуге міндетті болған. Құлдың қаза тапқан жағдайында, сол құлдың иесіне басқа құлды беруге тиіс еді.
Заңда құлиеленушінің көзқарасын жақтады, құл иеленуші басқарушыларға қашып кеткен құлды қайтаруын және қашқаны үшін өлім жазасын беруге өз талаптарын қоюға құқы болды. Егер жалдаған құл қашып кететін болса, оның уақытша иегеріне материалдық жауапшылықта болады. Кінәлі құлды қашып кеткенін жасырған жағдайда өлім жазасына тартылды.
Адамның құл екендігін оның ерекше шаш қиысынан, құлақ тесігінен, кеудесіндегі таңбасынан білуге болатын.
Ежелгі Вавилонда құлдар қатарын көбейтудің бірнеше қайнар көздері қызмет еткен. Біріншіден ол көптеген тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстар. Сонымен қатар ең маңызды қайнар көз болып ішкі көздер табылды. Басы бос еркін адам жасаған қылмысы үшін құлға айналған, мысалы: Ирригация жүйесінің ережелерін бұзғаны үшін және де құлдарды өз еркімен сатқаны үшін де көңіл бөлініп оларды құлға айналдыру үрдісі болған.
Айта кететін жәй, еркін адамдардың құлға айналуы мемлекеттің өзіне деген қарама-қайшылықтарға әкелетінін көрсетеді. Құл иеленушіге байланысты құлдар мемлекеттік, храмдық, жеке иеленушілер мен құлдар болып бөлінді. Олардың барлығының иелері мушкен болып табылды.
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Reshebnikov04.02.2022 08:32
-
Sofia123456789128.10.2020 15:46
-
mitrofanovas63315.05.2022 07:31
-
black10313.10.2022 18:22
-
elvira123412312.03.2020 17:42
-
АленаКамарова06.05.2020 09:43
-
vika00vgbjh21.01.2022 07:43
-
sagunush1329.07.2020 12:07
-
altaeva8111.02.2021 06:13
-
aksinaa910.10.2020 15:29
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.