Ответы на вопрос:
ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. оның авторы – белгілі суретші шәкен ниязбеков.
қазақстан республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1: 2
геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. мәселен, аспандай көк түс бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға ған, ал олардың көк туы арғы ата-ға деген адалдықты бейнеледі. қазақстанның мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің қ құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаң мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Marta291011.10.2020 02:31
-
Zhenkyaaaa28.11.2022 16:54
-
Racamaxa30.10.2020 16:15
-
Ljshegsyweee08.05.2020 02:55
-
alenalavkav723.05.2020 10:26
-
babedinova25.07.2021 03:36
-
Alys129.04.2020 00:02
-
vlinkova414.04.2023 07:36
-
Марано16.02.2022 10:09
-
marinalebedeva505.01.2020 12:20
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.