Litel1
23.03.2023 22:38
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды. Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.

Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.

Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.

Мынау ақыр заманда

Алуан, алуан Жан шықты

Арам, араз хан шықты

Қайыры жоқ бай шықты

Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.

Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады

Мұның өзі зар заман

Зарлығының белгісі

Ұл сыйламас атасын….

Қазы, болыс, хан қойды

Некесіз туған шатасын…

Сол заманның кезінде

Қыз сыйламас шешесін

Ер жеттім деп шаштасып…

Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.

Заман қайтіп оңалсын…

Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді Параны

Сақтап қойған сүрідей

Сол себепті:

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей

Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.

Талдау тапсырмалары:

1.Шортанбай Қанайұлы өмір сүрген заман туралы не білесіңдер?

2.ХІХ ғасырда қазақ даласында қандай тарихи оқиғалар орын алды?

3. «Зар заман» өлеңінде ақын өткен заманның келбетін қалай суреттеген?

4. Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз

сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.

5. Шортанбай ақын өлеңінің «Зар заман» аталу себебі неде?

Жоғардағы сұрақтарға жауап бере отыра және қосымша мәліметтерді пайдаланып , шағын мәлімет жазыңдар!

126
230
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

michlich
4,7(32 оценок)

Объяснение:

Хан деп бір елдің басшысын айтады.Елды баскаратын адамды би немесе хан дейды

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS