Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нүрпейісов «Қан мен тер» Шығармадан алынған үзіндіні оқыңыздар.Үзінді не туралы? Мәселені анықтап, ат қойыңыздар.
Райдың үйіне жиналған балықшылар бүгін де теңіз жайын, балық жайын, ауа райын әңгімелеп, әр саққа жүгіртіп жатыр еді. Аттылы біреу кеп есік алдына тоқтады. Дүр етіп аттан түсті. Шылбырын босағаға байлай салды да, сәлем беріп кіріп келді.
–Шаруаңды айт, – деді Еламан.
–Саған кісі керек дейд ғой.
–Иә, керек.
–Өзіңе мұз оятын адам керек пе?
–Ал, керек.
–Ендеше, мені ал!
...Теңіз үстінің дауылы тіпті әлемет. Толқында рірілене бастаған. Қаптай соққан қара дауыл Аралдың айқай желіне ұласты да,теңіз үсті уылдап-шуылдап, үйдей-үйдей толқындар су бетіне ереуілдеп ойнап шығады. Үйдей толқындар енді ес жиғызбады. Бірінен кейін бірі гүрілдеп келіп, онсыз да бір батып, бір шығып малтығып келе жатқан қайықты сүзеген бұқадай қағып өтеді. Қайық төңкеріле жаздап, екі қапталымен су сабалай бастады...
Балықшылар қараңғыда қайдан шыққандарын білмесе де, қара дауыл қуған үй аумағындай мұздың ілгері жағы бір тұйыққа тірелгенін іштері сезген-ді. Түнде тоқымдай-тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес аяғы тайып суға кетті. Қолы, аяғы үсіген Құлтуманың қозғалуға шамасы жоқ, мұздың ығында анадай жерде дір-дір қағып қалшылдап жатыр. Бұл екеуінен басқа тағы да үш кісі суға кеттіме, әлде ыққан мұзбен ұлы теңізге кеттіме, өліме, тіріме, белгісіз...Ә.Нұрпейісов. «Қан мен тер» романынан
1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Кейіпкерлердің әңгімесі не туралы болды?
2.Әңгімені кім бұзды?
3.Теңізге шыққан балықшылар неге тап болды?
4.Теңіз үстінде қандай жағдай орын алды?
Мәтінді оқыңыздар.
Сонан бір кезде дауыл басылып, бозарып таң атты да, төңірек көріне бастады.
–Қаратүп!..
–Әй, мынау Қаратүп қой!
–Біз Қаратүптен шығыппыз.
–Әй, анна қарайған не?
–Қайсы?
–Әне, әнекей!–деді де, Кәлен сонан артық тілге келмей жүгіре жөнелді. Оның соңын ала Мөңке мен Еламан, Рай, тағы бірнеше кісі жүгірді. Бұлар жақындағанда, әлгі қарайғанның үстінен дүрк көтеріліп қарғалар ұшты. Кәлен жеделірек басып қасына келсе, әлгі қарайғанның бірі түйеші Жалмұрат та, ал онан қолсозымдай әрегіректе жатқан Сары бала екен.
–Еламан, сен тезірек елге жет,– деді Кәлен, – біз кісі-қараға бас-көз боп осында қала тұрайық.
Еламан тілге келмей жөнеле берді.
Сол түні балықшы ауылда бір тірі жан көз ілмеді...
Бір топ атты ауылдың тұсынан тасырлатып шауып өтті. Кіл қара шекпенді. Ішінде Федоровпен Курнос Иван бар.
...Күтпеген жерден құла ат осқырынып, жолдан шыға жалт берді. Ерден ұшып түсе жаздаған Шодыр тізгінді тез тартып, ат үріккен жаққа қарап еді, қарсы алдында жолын кеселеп біреу тұр екен. Федоров аттан қарғып түсті.
–Сен бе?
–Иә, мен.
–Ау-құралдарың қайда?
Еламан үнсіз. Тымақ астынан атып жіберердей қадала қараған көзді орыс байы енді байқады.
- Ау – құралдарың қайда?
– Сен .. .иттің баласы! Адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?–деді Еламан ақырып темір сүйменді құлаштай сермеп. Шодыр тізгін ұстаған қолымен басын қорғап, бұғып қалды. Иығының басына тиген соққыдан есеңгіреп кетті. Басын шайқап жіберді. Қалың киімді бойымен Еламанды астына баса қалмақ болғанда, Еламан артына қарай ытқып, орыс байының құшағынан сытылып шықтыда, қайта ұмтылды. Бұл жолы сүймен Федоровтың дәл қарағұсына тиді. Құлақшын астынан қан сау етіп, бет-аузын жуып кетті. Қалың киімді, батыр тұлғалы ірі кісі гүрс етіп етпеттей құлады. Еламан сүйменді лақтырып жіберді...Ә.Нұрпейісов. «Қан мен тер» романынан
Тапсырма.
1. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлем нені білдіреді? Болжам жасаңыздар.
2. Шығармадағы кейіпкерлерді атап, оларға мінездеме беріңіздер. Олар қандай жағдайға тап болғанын әңгімелеңіздер. Оқиға немен аяқталды?
3. Мәтін үзіндісіндегі есімдіктердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын анықтаңызда
135
176
Ответы на вопрос:
Тиін саябақта тіршілік етеді. бірде оған оқушылар жанғақ əкелді. олар тиінді үнемі тамақтандырып тұратын болды. тиін жанғақты тез қағып алды. тиіннің мұнысы ға қызық көрінді.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
smartass231.10.2021 08:45
-
nikitabeg16.12.2022 13:51
-
Xylophone17.10.2021 04:41
-
mahin205.12.2020 03:22
-
ира09н907.11.2022 23:03
-
Zhanar16122.03.2022 09:34
-
shukirbekovabak21.08.2021 01:46
-
Макс111111м26.03.2022 09:08
-
davidforest111p0dsil12.05.2022 06:44
-
хорошист48818.08.2022 03:30
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.