Есть ответ 👍

*ҮЙ ЖҰМЫСЫ*
Мәтіннен қосымша ақпараттарды сызып тастап, ықшамдаңыз.
Бүркіт – төрт асылдың бірі
      Қазақ халқы бүркітті қатты қадірлеп, оны өздерінше төрт асылдың бірі деп санайды. Төрт асылға қозы қошқар, еккен егін, тазы күшік, балапан бүркіт жатады. Cебебі бұл төртеуі жасы жылға толмай-ақ адам керегіне жарап, қажетін өтейді.
      Бүркіт қазақ қоғамының бір жанды мүшесіне айналып кетті. Сондықтан қапелімде мерт болған немесе ауылда өлген бүркіттің иесіне: "Ат өледі, құс қашады, екі қанат бір құйрық табылар, ажалы жетсе бәрі өледі" деп, сабырлыққа шақырып, көңіл айтады. Қазақта ертеректе өлген қыран құстың қанат, құйрығына май жағып, ақ матаға орап, биік тay құздарына немесе адам аяғы баспайтын жерге арулап жерлейтін салт та болған. 
Бүркіт аң ала алмай, ауырып мазасызданғанда "көз тиген" деп ырымдайды. Ондайда бүркітті "қырсық шалды" деп, жанып тұрған оттың үстіне тұз шашып, бытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, емдеген. Құсбегілікке байланысты барлық құрал-жабдықты жинастырып, оларды адыраспан, арша сияқты қасиетті өсімдіктермен аластап, бәле-жаладан тазартады. Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора Ата деп біледі.  Аңызға сенсек, Жалайыр Шора құс атаулының "тілін" білген, қырандардың мекені мен шабытты өрісін, қонағы мен ұясын, неге шабатынын, нені алатынын білген екен. Тіптен, төбеде ұшып өткен құстың жасын, қырандығын ажырата алған. Құс атаулының: "Ұша берсем қанатым талады, Жерге түссем Жалайыр Шора алады", – деп, зар қаққаны туралы ел аузында аңыз бар.
        Қазақ құсбегілері қыран құсты сатып, қалап алғанда бүркіттің құйрық қауырсынын, қанатын майлап, иығына шоқ үкі тағып, ақсарбас малын сойып, тілеу тілеп, шашу шашып, сүйінші сұрайтын жақсы салт бар. Ауыл ақсақалдары мен кәнігі адамдарға сынатып, "бүркіттің құйрығын майлау" тойын жасайды. Ондайда ауқаттылар жағы ақсарбас атаса, қарт құсбегілер өздерінің ескі құс жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады. Ертеректе күзде саят уақыты басталардан бұрын аушы құсқа арнап құрбандық берген: әркім өзінің шама-шарқына қарай тарту ұсынады, ауқаттылар қой сойып, бүркіт торын "қандайды" (торға қан жағады). Қазақ халқы үйге қыран құс келгенде Қызыр Бабаның ерекше сыйлығы деп, сонымен бірге үйге бақ-береке келді деп шын жүректен қуанып, жақсылыққа жорыған. Сондай-ақ қазақтарда бөгде біреу бүркітімен ауылға келсе, құсының иығына үкі тағатын немесе ақ шүберектен ақтық тағатын архаикалық ғұрып бар.​

169
384
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

сяньчик
4,4(82 оценок)

Әңгіме

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS