Есть ответ 👍

Кел, тапсырма орындайық! 1-тапсырма. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, «келісу, келіспеу»
эссесін жазыңыз. Тақырыптан ауытқымай, эссе құрылымын сақтап, өз
ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. (100-120 сөз)
• «Астана – әлемге әйгілі қала»
«Астанамызды оңтүстіктен орталыққа көшіру — оң шешім»
• «EXPO2017 - елордамыз Астананы бүкіл әлемге танытқан оқиға»

262
474
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

aibekauezhanme
4,5(42 оценок)

Төрткүл дүние дидарына дар­қан даланың кеңдігін көрсетіп, кемел келешекке көпір салған көрменің өткен жексенбіде нүк­тесі қойылды. Шын мәнінде таңғажайып көрме еліміздің экономикалық, саяси, сыртқы байла­ныстарын нығайтуға, индустрияландырудың жаңа сатысына қадам басуға мүмкіндік сыйлады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядро­лық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамыды. Энергетика базалық сала­лардың бірі бола отырып, дамушы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында айтарлықтай із қалдырды. Жылдар бойғы жүйелі жұмыс пен тындырымды тірліктің нәтижесінде Сарыарқа төсінде шағын шаһар салынды. Ол қалашық алдағы уақытта Дүние­жүзі­лік ұйымдардың қарауына берілм­ек. Себебі межелі уақыт таяп, ме­рейлі сәт те келіп жетті. Өз мә­ресі­не жеткен көрме мем­ле­кеті­міздің  мығымдығын, ұлтымыздың  ұлылығын  әлемге  танытты.

Иә, әлемге аты мәшһүр алпа­уыт жобаны да абыроймен аяқ­тадық. Осыдан тура үш ай бұрын бүкіләлемдік қауымдастық бас­шылары мен ел президенттері алдын­да шымылдығы түрілген «ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дандырылған көрмесінің жабылуы да сән-салтанатымен өтті. Жаһан жұртының жаңа инно­вациядағы соны идеялары тоғысқан, ғылыми-техникалық жетіс­тіктері мен даму сатысы саралан­ған көрмеде тек мемлекеттердің техникалық әлеуеті ғана емес, төл мәдениеті мен тарихы, тұтас руха­ни­ болмыс-бітімі таразыланды. Нәтижесінде  ел күткен үдеден де биік мүддеге қол жеткіздік.

«ЭКСПО» бізге не берді? Екі ғасыр бұрын әлқиссасы әлемге паш етілген алғашқы көрме Англияның астанасы Ұлыбританиядан бастау алды. Бертін келе АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сынды дамыған мемлекеттердің басқаруымен әр бес жыл сайын жүйелі түрде өткі­зіліп тұрды. Кезекті көрме өткізу құқығын осыдан бес жыл тұрын жеңіп алған Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап, баламалы энергия көздерін табу, жасыл энергетиканы жолға қою бастамасын көтерді. Біз таңдаған тақырыпты 161 мемлекет өкіл­де­рінің арасынан 103 ел қолдап, жоғары басымдықпен көрме өткізу құқығын еншілеген едік. Ал сол жеңістің арқасында ТМД және Таяу Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет бізде өткі­зілді. Сонымен, Қазақстан айтулы­ шараны өткізген алпауыт 35 мемлекеттің тізіміне енді. Тіпті, аз уақытта а ң жетістік­терін әлемге паш ететін ең басты алаңға айналды. Небәрі үш айға созылған ауқымды шараға 115 мемлекет пен 22 халық­аралық ұйым өкілдері қатысып, таңдалған тақырып аясында жаңа технологиялары мен жетістіктерін айқындайтын 140 экпозициясын таныстырды. Оның 102-сі энергия үнемдеу технологияларын қолдану болса, 31-і жаңа инно­вациялық технологиялар мен өнертабыстарды қамтыды. Осы уақыт аралығында қатысушы мемлекеттер – ұлттық, халық­аралық ұйымдар – мамандандырылған күндерін, шетел басшылары 105 ресми шара ұйымдастырды. Көрме аясында 8,5 мың ерікті ірік­теліп алынып, 5,5 мыңы қалашық аумағында жұмыс істеу мүмкін­дігіне ие болды. Уақыт шеңбері тар болса да, шараға шартараптан 4 миллионға жуық қонақтар мен туристер келді. Олардың арасында беделді саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, «Нобель» сыйлығының лауреаттары, инвесторлар мен бизнес қауымдастығының өкілдері де бар.

Объяснение:

mariacold
4,6(95 оценок)

1.  1986 жылы алматы қаласында болған қазақ жастарының желтоқсан оқиғасына байланысты тілімізде 86-ның ызғарында, желтоқсан желі, желтоқсан ызғарында деген тіркестер еніп, тұрақты қолданысқа кірді. 2.көзді ашып-жұмғанша, хабар алғызды 3.аспан денелерінің қозғалысын жіті бақылап, қадағалаудың арқасында ата- тәулік, апта, ай, жыл мерзімдеріндегі уақыттық ӛлшемді дәл, нақты болжап білген.  4.«осы кезде: ай алтайдың ар жағында бір жамбастап жүзген шақта, бергі бетте ұйықтаған қара мысықтай қорқынышпен қарауытқан дел-сал суық мезетте, үркер төбеден әлдеқашан ауып, енді көп ұзамай таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте, ұйқы мен ояудың, ӛлі мен тірінің екі ортасында шӛкелеп отырған аманның қасына он жасар келді» 5. өмiрiн ұзақ көш деп атаса, мұнда өмiрiнiң көш сияқты жылжу, iлгерi басу, күннен күн, жылдан-жыл өткiзу тәрiздi белгiсiн көш сӛзiмен кӛрсетiп, суреттеп, өзге сөздермен атап тұр. «перифраз құбылысын тануда көзқарастар бiркелкi емес. 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS