7515575
08.07.2021 02:55
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Терминалогия сөздер деген не​

245
435
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

lenaaaaaak1
4,4(18 оценок)

Термин мәселесі – күн тәртібінде тұрған, өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі. Әсіресе олардың бірізділігі, шет тілінен аударылуы сияқты мәселелер әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Елімізде тіл мамандарының, ғалымдарымыздың терминдердің қалыптасуы жайлы түрлі зерттеу жұмыстары жоқ емес, бар. Бірақ сол жұмыстар бір жүйеге келтірілсе, әлі де тереңірек зерттеле түссе деген тілек басым. Өйткені термин – тілімізбен бірге дамып, үздіксіз қозғалыста болатын тірі ағза іспетті.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары орыс тіліндегі көптеген термин-сөздер жаппай қазақ тіліне аударылды. Бұл мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында: «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» деді. Сәтсіз аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халық­аралық деңгейге жақындату керектігін айтты.

Академик Ә.Қайдар аталған мәселеге қатысты: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес» депті. Айтса, айтқандай, бір жылдары «балкон» сөзі – «қылтима», «фонтан» – «шаптырма» болып аударылды. Бірақ бұл аудармалар таразыға салынып, Мемлекеттік Терминология коммиссиясында бекітілмеді. Осы жерде айта кететін мәселе – бұрыннан шет тілінен еніп, құлағымызға сіңісті, тілімізге жатық болып кеткен, айтуға жеңіл сөздердің бәрін бірдей аудара бермеген жөн. Мысалы, «наркотик» – «есірткі» деп аударылып, бекітілді. Ал емдеу орталығы – наркодиспансердің атауы сол күйінде қалдырылды. Оны қазақшалағанмен, дыбыс­талуы жағынан құлаққа ерсі естіліп қана қоймай, мағынасы жағынан да қораш болатын еді.

Жалпы термин жасау тарихының әріден, яғни Ахмет Байтұрсынұлы, ­Халел Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы тәрізді ағартушы ғалымдарымыз өмір сүрген кезең­нен бастау алатыны белгілі. Тіл ғылымы са­­ла­сындағы терминология дамуының әр ке­зеңінде шет тілдерден енген сөздерге көзқарас пен ұстаным әртүрлі болды. Менің ойымша, қазақ терминологиясы саласының дамуын үш кезеңге бөліп қарауға болады: біріншісі – 1920-1990 жылдар аралығы, екіншісі – 1990-2015 жылдар және үшіншісі – 2015 жылдан қазіргі кезге дейінгі кезең. Бірінші кезең негізінен лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесі­нен тұрады. Бұл жолда Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды қоғам қайраткерлерінің терминжасамға қосқан үлестері орасан зор.

Бала кезімде әжемнің «август» айын «ағұс», «профессор» сөзін – «пропесұр» дейтініне таңғалатынмын. Бәлкім, орыс тілінен енген сөздерге тілі келмейтін шығар деп ойлайтынмын. Жақында Астана қаласындағы Мемлекеттік архивте энциклопедист-ғалым Телжан Шонанұлының жазбаларына көз жүгірте отырып, ойымның мүлде қате болғанына көзім жетті. Ғалымның жиыр­масыншы жылдары ба з бетінде жарияланған мақалалары мен жазған ең­бектерінде «август» – «ағұс», «география» – «жағрапыйа», «трактор» – «тырактұр», «агроном» – «ағыраном», «фосфор» – «поспұр», «профессор» – «пропесұр», «сепаратор» – «сепаратұр» деп жазылыпты. Зерттеу материал­дарына сүйенсек, ол кезде Алаш зиялылары қазақ тілінің табиғатына жат сөздерді ғана өзгеріссіз, сол күйінде алуды көздеген. Мысалы, Т.Шонанұлы өз еңбектерінде терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына, ерекшелігіне қарай жасау керектігіне баса назар аударған. Өз әріптестерін термин жасауда қазақ тілінің заңдылығын сақтауға, тілдің өзіндік таби­ғатына, ерекшелігіне аса мән беруге, қазақ тіліне жат нәрсені таңбауға шақырған.

Тіл мамандарының уәжіне сүйенсек, «тіліміздегі терминдердің 70-80 пайызы қазақтың төл сөздері болуы керек те, қалған 20-30 пайызы кірме сөздер болуы қажет». Ал осы 20-30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің табиғатын, құрамын, құрылысын бұза алмайды екен.

Объяснение:

из интернета

георг9
4,5(88 оценок)

Міне осылай болады депойлаймын


Терминалогия сөздер деген не​
torimuse
4,4(49 оценок)

1)түркілердің алтын күмістен жасалған ыдыс-аяқ, түрлі бұйымдарын көріп, таң-тамаша қалған. 2)зулап келе жатқан қтан ба, бетке ұрған самал лептен бе, бір жол асқанша артынан өрбие қарап тұратын риза жанарлардан ба, тамағы құрғап, көзі жаурап кетеді. 3)қыстың қақаған суығында қора төбесіндегi көк жауқазын шөп көзді тартып, ыстық жазды кең далада жайқалған жасыл шалғынды еске түсіреді. 4)көтеріліп келе жатқан күн сәулесі алдымен ағаш бастырын шалып, қайыңның жапырақтары мен қарағайдың қылқанды бұтақтарын алтын жалаткандай, нәзік сарғыш нұрға малып, бусандырып келеді. 5) есімбек аға домалақ жүзі жыбырлап, қуана күлімсіредi.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS