Есть ответ 👍

Қазақ тілі 35 бет А тапсырмасы 9 сынып мәтінді бөліктерге бөліп,әр бөлікке ат қойыңдар

256
346
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

Hitecho07
4,4(37 оценок)

маған фотосын биш көрейн


фотасын отправь

Объяснение:

denisbutrik
4,5(5 оценок)

Атамекен деп кеудемді кере демалғанда жүрегім мақтаныш сезіміне толады. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала, бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке еш жарде де жоқ шығар. Еліміздің байлығы өте көп және қазынаға бай. Табиғаты сұлу, биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдері, неше түрлі өсімдіктері бар, жері шұрайлы, шөбі шүйгін елімнің.

Осы еліміз, атамекеніміз-Қазақстан жылдан жылға өсіп-өркендеп келеді. Бұл жерді сақтап қалуда қаншама зиялы қауымдар, батырлар мен билеріміз, намысшыл азаматтарымыз терін төгіп, жанын қиды. Тарихта қалған белгілі оқиғалар жоңғар, қалмақ шапқыншылықтарынан, Ұлы Отан соғысында жаудан қорғаған батырларымыз, айтулы желтоқсан оқиғасында мемлекетіміздің намысы үшін жанын қиған патриоттарымызды халқымыз ән-жырына қосып, аяулы аттарын ардақтайды.

Мейлі қанша қан кешсін, мейлі азап шексін, әйтеуір, ер қазақ халқым біздерге өзінің жас ұрпақтарына егемендік сыйлады. Егемендікке қол жетіп, Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреді. Бүгін біз егеменді, тәуелсіз ел деп-отанымыздың иелі, ана тіліміздің киелі болып, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз.

Осы уақыт ішінде біздің ел қайта өрледі, шарықтады, жұлдыздай жарқырап көптеген жетістіктерге жетті. Біздің елде басқа да өркениетті елдерде сияқты кейінгі ұрпақтың мағыналы өмір сүруіне үлкен мүмкіндік бар. Еліміздің бүгінгі тамаша өмірін мақтан ете отырып, сан-саналы өміріміздің нәрі халқымыздың ынтымағында, бірлігінде , бейбіт өмірінде деп ойлаймын.

Мұның бәрі-Елбасының елеулі еңбегі. Елбасының арқасында бүгінгі Қазақстан –еңселі Қазақстан, мәртебесі биік шоқтығы да биік ел! Өйткені оның Елбасы-рухы биік, жасампаз, кімді болса да өз ісіне сендіре алатын, кімді болса да ізгі істерге жігерлендіре алатын тарихи тұлға, халықтың қалаулы перзенті. Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету бағытындағы тарихи аса құнды идеясын жария етіп, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманын іске асырудың маңыздылығын ашып көрсетті. Өткен тарихымыздың көзімен қарасақ, біздің жыл санауымыздан бұрын Күлтегін заманында Ғұн билеушісі Мөде патша «Енді біз төрткүл дүние танитын Мәңгілік Ел болдық» деген екен. Кейін Ұлытауда осы ұран тағы қайталанды. Үш жүздің көсемдері, билері бас қосқанда ұлы жиында «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп тасқа қашап жазған сөздер бар. Олай болса, осы мақсатты Елбасы қайта тірілтті. «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік Ел идеясы»-деп атап көрсетті. Мәңгілік ел болуды ата-бабаларымыз сонау Орхон-Енисей жазулары пайда болған кезден бастап аңсаған. Бәріміз білетін Білге Қағанның кеңесшісі Тоны Көк 680-745 жылдар шамасында Түрік елін Мәңгілік Ел ету үшін өлместей бағдарлама жасаған. Бұл тарихымызда бар шындық. Алдымен елідің шекарасын бекіт, көршілермен тату бол дегенді де сонда жазып кеткен...

«Мәңгілк Ел» мұратына жету жас ұрпақтардың, біздің бірлігіміз бен сабақтастығымыздың көрінісі арқылы жүзеге асады. Қазақ елі талай замандарды бастан өткерді, сүрінді, бірақ белді бекем буып, қайтадан бой тікті, осы қайсар мінезіміздің арқасында іргесі бекем, бірлігі жарасқан, халқы тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрі келешегі кемел мемлекетке айналдық. Қаншама ғасыр өтсе де ата-бабаларымыздың басты арманы орындалды. Олардың ұрпақтары біз Тәуелсіздіктің көк туы астында аңсаған егемендік, тәуелсіздік, тұтастық, бірлік, азаматтық құндылықтар «байлығымыз да бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек»- деп ойлаймын.

Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі- ана тіліміз. Олай болса, Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Халықтың жаны да ана тілінде. Ана тіліміз- рухани тірегіміз де.

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілі ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады деймін.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS