dvc
09.06.2021 02:53
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар ( 1920-1930 жылдар ). Кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі жанғыруға ұшырады. Дінге, білімге, жоғары және бұқаралық өнерге қатыстының бәрі өзгерді.
КСРО - дағы ислам дінінің жағдайы. Кеңестер Одағы зайырлы мемлекет болды. Онда діннен бездіру саясаты үстемдік етіп, дін мемлекеттен, ал мектеп діннен толықтай бөлінді. Дінге, оның ішінде ислам дініне қарсы күрес жүргізілді: діни мектептер жабылды, мешіттер жойылды, діни қызметшілерді сайлау құқығынан айырды, жер аударды және айдауға жіберді. Діни кітаптар жойылды. Араб парсы жазуына негізделген әліпби латын әліпбиіне, кейін, 1940 жылы кириллицаға ауысты. 30-жылдары Меккеге қажылыққа баруға тыйым салынды. Мұсылман мерекелері ресми түрде мерекеленбеді, мұсылмандық жоралғыларды өткізуге рұқсат етілмеді. Атеистік насихат жүргізілді. Бұл іс - шаралардың бәрі ислам дінін оның экономикалық, рухани және әлеуметтік негізінен айырды. Бірақ Кеңес өкіметі адамдардың діни көзқарасын, сенімін толықтай жоя алмады. Дінді жасырып, халықтық әдеттермен бүркемелеп ұстауға тура келді.
Кеңестік мектептің құрылуы және 20–30-жылдары мектептегі білім берудің дамуы. Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім беру жедел дамыды. Сауатсыздықпен жаппай күрес, жалпыға бірдей бастауыш, одан кейін толық емес орта білім беруді енгізу осы жолдағы кезеңдер болды. Білім беру индустрияландырудың қажетті негізгі шарты және маңызды идеологиялық құралы қызметін атқарды.
Ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюға бағытталған күрес Кеңес өкіметінің алғашқы қадамдарынан-ақ басталды. Жер-жерде «Сауатсыздық жойылсын!» қоғамдастығының бөлімшелері ашылды. Бөлімшелерде мыңдаған ересек адам оқып-жазуға үйренді. 30-жылдардың соңына қарай елу жасқа дейінгі халық арасындағы сауаттылық 83,6 пайызды құрады. 1918 жылы екі сатыдан тұратын кеңестік бірыңғай еңбек мектебі құрылды: бірінші сатысы 8-ден 13 жасқа дейінгі (5-сынып ); ал екінші сатысы 14-тен 17 жасқа дейінгі балаларды қамтыды. Ұл балалар мен қыз балаларды біріктіріп оқыту, барлық ұлт балаларының теңдігі енгізілді. Ұлттық аудандар да оқу ұлттық тілде жүргізілді. Мектеп толықтай тегін болды. Кедей отбасылардың балалары оқулықтармен, таңғы аспен, киім-кешекпен және аяқкиіммен қамтамасыз етілді. Өлі тілдерді (латын және ежелгі грек) және діни пәндерді оқу жойылды. Мектеп «еңбек мектебі» деп аталды, өйткені еңбек дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етті. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың арасында мектеп-коммуналар құрылды. 1920-1921 оқу жылында Қазақстанда 2410 мектеп болды. Бірақ 1929 жылы үй-жайлардың, мұғалімдердің жетіспеуінен мектептерге мектеп жасындағы балалардың тек 40 пайызы ғана барды. Екінші сатылы мектептер, әсіресе қазақ мектептері әлі де болса аз болды. Ауылдық мектептерде толық орта білімі жоқ адамдар сабақ берді.
1930 жылы КСРО-да жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізіліп, педагогикалық кадрлар мәселесі шешіле бастады. Нәтижесінде 1937 жылға қарай балалардың 90 пайызы бастауыш біліммен камтылды (7,5 мың мектеп). 1936 жылы алғашқы қазақ орта мектебін бітіріп шықты.
Қазақстанда жоғары білімнің дамуы. Кеңес өкіметінің алғашқы он жылында Қазақстанда жоғары оқу орындары болған жоқ. Бірақ көптеген қазақ жігіттері мен қыздары Ресей жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алды. 1928 жылы Алматыда алғашқы жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазПИ (қазіргі ҚазҰПУ) құрылды. Көп ұзамай ауылшаруашылық, малдәрігерлік және медициналық институттар, ал 1934 жылы Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) ашылды. Техникумдар мен училищелер өнеркәсіп, көлік, құрылыс және байланыс мамандарын дайындады.
Қазақстандық ғылымның қалыптасуы. Заманауи үлгідегі алғашқы қазақ ғалымдары ХХ ғасырдың бас кезіндегі кәсіптік, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметті үйлестірген ағартушылар болды. Мысалы, Ә.Бөкейхан экономика, А.Байтұрсынұлы тілтану, М.Тынышбаев тарих, Ж.Аймауытов психология мен педагогика, Х.Досмұхамедов медицина, зоология, әдебиет жөнінде еңбектер жазды. 20-жылдары бұрынғы алашордашылар сабақ берді. Олар қазақ мектептеріне арналған оқулықтар жасауға қатысты (20-жылдардағы алғашқы қазақ оқулықтары аударма емес, түпнұсқа оқулықтар болды).
1920 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды. Сол тұста Қазақстанда алғашқы ғылыми-зерттеу институттары ашылды. С.Асфендияров (дәрігер, тарихшы, профессор), жазушы және әдебиеттанушы М.Әуезов, филолог Қ.Жұбанов (тілтанушы, профессор). Қ.Сәтбаев (геолог) 20-жылдардың екінші жартысында-ақ танымал бола бастады. 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылып, зоологиялық, ботаникалық, географиялық және басқа секторларды қамтыды. 1938 жылы ол КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылды.
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар мен баяндау түрлері пайда болды (драматургия, новелла, повесть, роман). Революцияға дейінгі Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Сералиннің, С.Торайғыровтың публицистикалық туындылары проза жанрның қалыптасуына ықпал етті. ​

116
132
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


ответ:мен білмеймін

Объяснение:?

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS