Ответы на вопрос:
Кен қазу– жер қыртысында бос жыныстардың арасында жатқан қатты, сұйық не газ тәрізді пайдалы қазындыларды барынша таза күйінде жер бетіне шығару. Кен қазу кенді қазып алу мен оларды үңгубеттен тысқары тасып, жер бетіне шығару жұмыстарынан тұрады. Қатты кендер ашық әдіспен (карьер, кенжарма) және жер асты әдісімен өндіріледі. Қалың қабатты әрі жер бетіне таяу жатқан кендер ашық әдіспен, ал кен қабаты тереңде жатса әрі жұқа болса жер асты (шахта) әдісімен өндіріледі. Ашық әдіспен кен қазу тәсілі тиімді, өйткені мұнда ауа тазарту, қазбаларды бекіту сияқты қосалқы жұмыстар жоқ, оған қоса жер үстінде бұрғылау, кентас тиеу, оны тасу жұмыстары үшін үлкен машиналарды пайдалануға болады. Жер асты әдісінде ең алдымен шахта оқпаны жүргізіледі де, одан әрі тау-кен қазбалары тармақтанып, кенді бірнеше бөліктерге бөледі. Соңынан осы қазбалар арқылы қазылып алынған кен жер үстіне шығарылады. Жер астындағы сұйық (мыс., мұнай) және газ тәріздес пайдалы кендер ұңғыма бұрғылау арқылы алынады. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап кейбір асыл металдар (алтын, асыл тастар, минералдар, қалайы, т.б.) теңіз түбінен де алынып келеді.
Tajmište mine 01.jpg
Кен қазу жұмыстары – белгілі әдістерді (карьер, шахта) және жүйелерді қолданып, әр түрлі машина-механизмдер көмегімен кен қазып шығару жұмыстарының жиынтығы. Қатты кен қазу жұмыстары кенді бұрғылау, жарғыш заттармен қопарып ұсақтау, көлікке жеткізу, тиеу және пайдаланатын орындарға апару процестерінен тұрады. Жұмсақ кенді қазып алғанда бұрғылау, қопару жұмыстары жүргізілмейді, кен тікелей арнаулы машинамен (экскаватор, комбайн, гидромонитор, скрепер, бульдозер, т.б.) қазылып алынып көлікке тиеледі. Карьерде кен қазу жұмыстары, көбінесе, экскаватормен қалыңд. 10 – 15 м-лік қабаттарда жүргізіледі. Қабаттың ені үңгубетпен шектелген, ұзындығы 100 – 500 м бөлігі блок деп аталады. Бір экскаватордың жұмыс алабында 2 – 3 блок болады. Бұлардың бірінде ұсақталған кентасты экскаватор көлікке тиеп жатса, қалған блоктарда дайындық жұмыстары (бұрғылау, қопару, т.б.) жүргізіліп жатады. Карьерде кен қазу жұмыстары мына тәртіп бойынша орындалады. Блокта бұрғылау станоктарымен тереңд. 50 м-ге жететін 5 – 10 м-лік ара қашықтықта диаметрі 200 – 400 мм болатын ұңғымалар қазылады да, олар жарғыш затпен толтырылып, блок түгелімен атылып қопарылады. Ұсақталған кенді экскаватор көлікке тиеп фабрикаға жөнелтеді. Шахтадағы қатты кен қазу жұмыстарының тәртібі мынадай: қазып алуға дайындалған блоктағы (камерадағы) кен бұрғыланып, жарғыш зат күшімен ұсатылады да, горизонталь не сәл көлбеу кенді алғанда машиналардың (экскаватордың, күреп алып тасымалдайтын машинаның, скрепердің, бульдозердің, т.б.) көмегімен, ал тік не құлама бағытта орналасқан кен өз салмағымен көлікке жеткізіледі. Одан кейін кен фабрикаға тасылады. Жер астында жұмсақ кен қазу жұмыстары комбайндармен (қазба жасау, көмір шабу, т.б.) орындалады. Қарағанды шахталарында комбайнмен кен қазуда бірнеше рет дүние жүзілік рекордтар жасалды. Кен ашу жұмыстары – кенді қазу мақсатында жер бетінен кен қабатына дейін не оның бір бөлігіне жету үшін және кен алынатын үңгубеттерге дейін күрделі және дайындық қазбаларын жүргізу. Кен ашу жұмыстарының негізгі мақсаты мыналар: пайдалы кен қазылған орындар мен жер бетіндегі қабылдау пункттері арасында көліктік байланыс орнату, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарына таза ауа беру. Кен қазу әдістеріне орай Кен ашу жұмыстары екі түрге бөлінеді: 1) кенді ашық әдіспен қазғанда, жер үстіндегі өндірістік құрылыстар мен карьер ішіндегі үңгубет арасына қатынас жасайтын траншея жүргізу және кенді басып жатқан бос жыныстарды карьерден тыс орындарға үю. Карьер әрқайсысының қалыңдығы 10 – 20 м қабаттармен қазылады.
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Литература
-
Palinka101.05.2021 20:28
-
CrowOnix02.07.2022 12:42
-
NikaMar1230.05.2022 01:52
-
Darkparadise0212.09.2021 09:20
-
Sosushka25.05.2023 20:06
-
милашка35708.06.2023 01:34
-
kristinkadulesova01.01.2021 21:22
-
annshik01.03.2023 10:31
-
mrdaaly28.06.2023 11:08
-
Maga05200516.03.2020 11:19
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.