Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланды. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өрі, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Қолөнердің қай түрі болса да, халықтың тұрмыс қажетінен туындайды. Қазақ халқының көшпелі өмірі мал өсірумен тығыз байланысты. Сол кезден-ақ халқымыз олардың сүті мен етін тамаққа, ал терісін киім- кешекке, төсенішке пайдаланды. Сүйегінен түрлі бұйымдар жасады.
Қазақ шеберлері тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеу сияқты ауыр кәсіппен де айналысқан. Халықтың қолөнеріне аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері өз қолдарымен жасады. Қолөнер «еркектерге тән іс» және «әйелдерге тән іс» деп бөлінген. Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеуді ер адамдар атқарған. Ал кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, киім тігу сияқты жұмыстарды әйелдер атқарған.
Қазақ қолөнері әсіресе 18-19 ғасырда өзінің шырқау шегіне жетті. Әсіресе, жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар, тоқылған сандыққаптар, аяққаптар, ұлттық киімдердің сан түрлісі, әшекейлердің әдемілігі көз қызықтырған.
Қазақ халқының қолөнерінің самғау шыңы – зергерлік өнер. Ол - халық дүниетанымы мен материалды мәдениетінің маңызды бөлігі. Халық салт-дәстүрімен тығыз байланысты зергерлік өнер туындылары адамның заттық және рухани әлемі туралы ақпаратқа ие. Солар арқылы иесінің жас ерекшеліктері мен әлеуметтік дәрежесін анықтаған, өмірлік кезеңдерінің әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарған. Қазақ зергерлері көбінесе күміспен жұмыс жасаған, сол сияқты күміс қазақ халқының мәдениетінде ерекше орынға ие болған. Күмісті пайдаланды, себебі оның емдік және тазартқыш қасиеттері халыққа белгілі. Қазақтар әлі күнге дейін бала 40 күнге толғандағы суға шомылдыру дәстүрін сақтап жүр. Әдетте баланы күміс әшекейлер мен тиындар салынған суға шомылдырады, бұл дәстүрді «шілде су» деп атайды. Сол арқылы балаға күмістей жарқын әрі бақытты өмір тілейді. Кейін балалары мен немерелерінің денсаулығы мықты болсын деп, рәсімге қатысқан барлық әйелдерге әшекейлер таратылады. Сонымен қатар қолына күміс жүзік пен білезік таққан әйелдің жасаған тамағы таза және пайдалы болады деп сенген. Көптеген қазақ әшекейлерінің атаулары адам денесі мүшелері атауынан шыққан. Мысалы, «шекелік» – шеке сөзінен, «білезік» – білек сөзінен, «белдік» – бел сөзінен, «өңіржиек» – өңір сөзінен шыққан.
Қазақ халқының қолөнері - ұрпаққа қалдырған өшпес мұра, оларға сыйлаған көркемдік әлемі, эстетикалық тәрбиесі болып қала бермек.
2. Мәтінге жоспар құрыңыз.
3. Жоспарыңызға сәйкес қысқаша әңгімелеп беріңіз.
4. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып (2 салалас, 2 сабақтас), түрін анықтаңыз.
250
389
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
DimaAgent05.09.2021 00:00
-
Dasha7890654330.10.2020 04:06
-
metelyovavickt28.11.2022 19:39
-
pierrotsadclown02.03.2020 14:00
-
умная19624.06.2023 19:55
-
yuyornevzkoxkdhd54323.09.2022 06:34
-
Bsusb23.02.2021 10:07
-
миларыбка24.01.2022 17:32
-
Anastasia15Kovaleva21.04.2022 21:53
-
HunterX0508.07.2022 11:34
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.