xmaxim99
04.06.2023 06:02
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Тұйық буынды табыңыз​

265
308
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

карим050
4,4(1 оценок)

1)12

2)ел

3)Менің досының мінезі өте жақсы!

4)сызық

5)ы

Объяснение:

это очень оңғар но в 4 не УВЕРЕННА ведь В каждой класса оно меняется но думаю правильно d=(´▽`)=b


Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!-

дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер еткен уақыт пен оның төрелігі дер едім.

Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.

А ң ғаламшарға бір-ақ рет келетін қонақ екені барлық пендеге белгілі жай. Мұны әлемдік заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов «Өмір – бар табиғатымен трагедия, а көзін ашып пәниге келген сәттен бастап өлімге біртіндеп таяй береді»,– деп қорытындылаған. Ұлы жаратылыстың шетсіз де шексіз уақыт өлшемі бойынша қарағанда бір адамның бұл дүниеде ұзақ ғұмыр кешуінің өзі қасқағым сәттей ғана іс. Тіршіліктің басымен аяғына бағамдай қарасаңыз, адам өмірінің алтын дәуірі, нәтижелі, мағыналы, саналы ғұмыры тіпті қысқа. Жер бетінде су ішері көп болып, жүз жасаған а қ шағындағы жиырма жылымен қартайған тұсындағы қырық жылын шығарып тастасаңыз оның мағыналы, мәнді ғұмыры, алтын дәуірі тек қырық жыл ғана болмақ. Талайына бұйырған алтын дәуірі ұзын не қысқа болсын, оны алтындай ардақтап, өз биігінде оңды пайдалана алған зерделі жандар артына мәңгілік өшпестей із қалтырып кетеді, ал өмірін санасыз мақұлықтай, сенделіп өткізетін зердесіз жандар өзінің адамдық, азаматтық борышын да өтей алмай артына ешбір із, белгі қалдыра алмай кетеді.

Дүниеге уақыт және өмір көзқарасы бойынша талдау жасап, адамдарда болатын уақыт танымының күшті-әлсіздігіне негізделе отырып, адамдарды үлкен жақтан ең әуелі уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады. Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда мейлі қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы, берік ирадасы болады. Олар күн мен сағатты былай қойып, минут не секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады. Олар тіпті жатқан, тұрған, жүрген, отырған кездерінде өзінің көздеген нысанасына тез жетуге асығады, соған бас қатырып, амал қарастырады. Олардың барлық ісі алдын ала белгіленген жоспар бойынша өз уақытында орындалады. Олар күнделікті өмірде қажырлы, қарапайым, үнемшіл болып, аз бодау беріп көп іс тындырады. Олар өзін алдайтын, уақытты босқа өлтіретін баянсыз, мән-мағынасыз іспен айналыспайды. Тұрмысы әрқашан ретті, жинақы болады. Кей кездері уақытты қадірлейтіндер әлгі уақытты қадірлемейтін тоғышарлар жағынан “Орынсыз әлек болушы, өзін бекер азаптаушы, тіпті дені сау еместер” делініп түрлі жазғырулармен даттауларға ұшырайды. Уақытты қадірлейтіндердің тынбай құлшынуынан күндер өте келе таудай табыс, мол нәтиже туындайды да ол уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар жағынан жазғыруға, көре алмауға, күндеуге ұшырайды. Уақытты қадірлейтіндер әртүрлі іске біртіндеп даму заңдылығы бойынша талдау жасап, көздеген шыңына бағытталған алғашқы қадамының өзін зор сеніммен, үміткерлікпен бастап, көңілге алған биігіне бір-бір қадамнан өрлеп шығуға, онда жолығатын әрқандай қиындыққа бас имеуге белін бекем буады. Ол әсте әлгі уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар сияқты бетке алған ісінің қиындығына төзімсіздік танытып, бастаған ісін жол ортада қалдыратын тұрлаусыз қылықтардан аулақ болады. Соңғы нәтижеде уақытты қадірлемейтін жалқау, тоғышарлар ұтылып, бұл өмірден із дерексіз кетсе, ал уақытты қадірлейтіндер ұтып, артына мәңгі өшпестей белгі, із қалдырып кетеді. Уақытты қадірлейтіндер өзінің шекті өмірінде, артына шексіз байлық, соңғылар алқап, аузынан тастамайтын, үлгі-өнеге етерліктей адами құндылық, ұлағатты ұстаздық обыраз тіктеп кетеді.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS