Есть ответ 👍

Карталардың мазмұны бойынша анықтап жаз​

152
459
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Картаға түсірілетін жер бетіндегі денелермен құбылыстар оның мазмұнын құрайды (грекше карта-табақ).

Мазмұнына қарай карталар үлкен екі топқа бөлінеді.Олар: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.

Жалпы географиялық карталарда жер бетіндегі барлық обьектілер – жер бедері, жер бетіндегі сулар (өзендер,көлдер,теңіздер), өсімдіктер,елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т.с.с. бейнеленеді. Олардың ешқайсысы ерекше дараланып көрсетілмейді. Жалпы географиялық карталардың мысалына топографиялық карталар жатады.

Тақырыптық карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларды табиғат құбылыстарының, шаруашылық салаларының халықтық саяси-әлеуметтік жағдайларының жеке бір түрі басқаларынан арнайы ерекшеленіп көрсетіледі. Мысалы: атластарыңдағы дүние жүзінің саяси картасы, оқулықтағы техтоникалық тақталар картасы, климаттық белдеулер картасы- осындай тақырыптық карталар.

Карталардың масштабына қарай жіктелуі. Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты болып үш топқа бөлінеді. Масштабы 1:100 000 және одан ірілері – ірі масштабты, 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін орта масштабты, 1:1 000000-нан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар – топографиялық, орта масштабтылары – топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады. Топографиялық карталар 1:100 000, 1:50 000, 1:25 000, 1:10 000 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабы жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді.

Пландар мен ірі масштабы (топографиялық) карталар тікелейжер бетінде жүргізілген өлшеулердің және ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады.Соңғы кездерде карта жасауда ғарыштан суретке түсіру барған сайын кеңінен қолданылуда.

Пландар мен топографиялық карталар жер бетін екжей-текжейлі бейнелейтіндіктен, дәл өлшеулермен есептеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланылады.

Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады.

Топографиялық шолу карталарының дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен. Сондықтан олар едәуір үлкен аумақтың жалпы көрінісін шолу мақсатында қызмет етеді.Мұндай карталар әсіресе ұшқыштар үшін қолайлы.

Шолу карталары жер бетінің үлкен бөлігінің (олыстардың, мемлекеттердің, материктердің, бүкіл дүнижүзінің) географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналған. Сондықтан оларды көбнесе географиялық карталар деп атайды.

adekvat3
4,7(1 оценок)

Хычино-беляшский ост.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: География

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS