Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Адам кім? деген сұраққа жауап берсе, уақыт әрдайым қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалды алыстан іздемей-ақ әрқайсымыз кешегі, бүгінгі және ертеңгі өмірімізді ойша шолып қарайтын болсақ бәрібір кім? қашан? деген сұрақтарға соқпай кете алмаймыз. Өйткені, адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес. Сен қашан ұйқыңнан оянасың? Қашан сабаққа барасың? Сабақтан қашан келесің? Ұйықтауға қашан жатасың? Бұл сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады. Ал уақыт ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күн деп бөлгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ал ертеңгі күн бүгін болады да, ол да өте шығады. Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді (дни идут, месяцы бегут, года пролетают) деген сөз бар. Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар. Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты. Адам әлде бір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немсе әлде бір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды. Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғлардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.
Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Адамның бір күнгі өмірін қалай білуге болады?
ә) Ғасыр неден тұрады?
СОЧ
Ответы на вопрос:
Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
Объяснение:
я учитель
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Анастасия000000000004.02.2022 12:53
-
НикаКотикТян14.02.2022 16:24
-
Magomedrasul0555513.04.2020 08:34
-
LLA7A26.10.2020 05:36
-
Marina1297116.06.2021 18:24
-
Limon4ikShow08.04.2022 22:44
-
Metrofanovaa03.02.2022 09:44
-
аяшка328.07.2020 23:54
-
MaryanaReynt130.09.2020 13:35
-
linaserdyuk1330.05.2023 15:26
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.