Ответы на вопрос:
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Жастық тәрбиесі Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Абылай ханадамзаттың жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған түста небәрі 20 жасында еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Ұлы Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысыда өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.
Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам — нағыз еңбексүйгіш адам.
Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмасы ақиқат.
Сонда ғана тарихқа алтын әріптермен аттарын жаздырып кеткен ұлы тұлғалармен иық теңестіре алады, ал айырмашылық кезең мен мекенде ғана болмақ.
Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі — ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықгы талап етеді.
Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Қазіргі жастар осыны жетік түсінулері керек. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы — міне, осы ақиқатқатәуелді болмақ.
Жастар - елдің болашағы, болашаққа сенім арту — жеңістіде жемісті келешектің көрінісі. Жастар мемлекетіміздің куатты тірегі бола алса, онда экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік шиеленіс мүлдем баскөтере алмас еді.
Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, реформаның шешуші күші болуға ұмтылуы керек. Елімізді өткенге емес, баянды болашаққа алып баруға бар күш-жігерлерін салудан аянбаулары қажет.
Ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адамбойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.
Өз Отанын, өз ұлтын сүймеген адамнан ешкдндай жақсылық күтуге болмайды және оның опасыздық жасауы да әбден мүмкін. Ондай адамдар елінің қорғаны да, патриоты да бола алмас.
Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау, сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу.
Ал, отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп қарауға әсте болмайды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырып отырады.
Отансүйгіштік дегеніміз - өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанын анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарап, өмірін қиюға даяр бола алу.
Әрбір жас өзінің нақты сенімін, ұлты мен жеріне деген сөнбес сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастырып, еліміз бен ұлтымызда қызмет деп саналмайтын әрбір істі бос, пайдасыз деп ұғып, бұларды санасы мен көңіліне орнықты етіп орналастырған жағдайда, оның көңілі мен рухы сергелдеңге салынбай, өзін сақгап қала алады.
Достық тәрбиесі
Достық –адамдарды бір-біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп, байланыстыратын ізгілікті қарым-қатынас.
Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдары болады. Міне, ол — дос адам.
Дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан кейін бір-бірлерімен жай ғана араласуы емес. Дос болу — танысқаннан бастап шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну,сыйлау, құрметтеу, алдамау.
Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақын араласа бастайды. Уақыт оза бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды.
Халық педагогикасында жігіттің жақсы-жаман болмағы өскен ортасы, жора-жолдасы және жанүясындағы достыққа байланысты деп бағаланған.
Оны "Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа","Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар"- деген сияқгы мақал-мәтелдерден айқын көреміз.
Осындай халықгық мақал-мәтелдерді тілге тиек ете отырып Базар жырау:
Жолдас болсаң жақсымен, Жетеді қолың мақсатқа. Жолдасболсаң нәмәртпен, Аунатар бір күн батпаққа. Есің болса ертерек, Күн ілгері күтініп, Бәледен аулақ бас сақта. Екі талай жерлерде, Адамға қайыр қылмайтын, Ақшаның татын жалаған, Түспесін ісің ақымаққа,
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
teymurnadjafov29.04.2021 21:08
-
jamesa9912.06.2020 20:48
-
miakakashka10.04.2020 02:08
-
dasha513225.03.2023 19:38
-
blazhenko6630.08.2020 20:39
-
kristina76304.10.2020 21:45
-
s7mart23.11.2022 11:48
-
kisilevars200319.11.2022 18:21
-
KaKTyZzZz07.07.2020 22:53
-
svyatoslavkorchagin31.05.2022 04:56
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.