Есть ответ 👍

Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
1. Мәтіннің бас кейіпкерлерін табыңыз (главные герои текста)
А) таға мен ұста
Ә) әке мен бала
Б) ұста мен әке
В) таға мен бала
2. Әкесі мен баласы қайдан келе жатқан? (откуда шли отец и сын)
А) бақшадан
Ә) егіннен
Б) өзеннен
В) орманнан
3. Жолда не жатқан? (что лежало на дороге)
А) орамал
Ә) шие
Б) үш тиын
В) аттың ескі тағасы
4. Әкесі үш тиынға не сатып алды? (что купил отец на три копейки?)
А) темір
Ә) шие
Б) құлпынай
В) орамал
5. Мәтін мазмұнына сүйене отырып тұжырымды «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
А) дұрыс
Ә) бұрыс
6. Мәтін мазмұнына сүйене отырып тұжырымды «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз. Одан біраз жер өткен соң, шие сатыпотырғандардан ол он тиынға бірталай шие сатып алды.
А) дұрыс
Ә) бұрыс
7. Мәтін мазмұнына сүйене отырып тұжырымды «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз. Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат өте білмесең - көптен де құр боласың, — деді әкесі.
А) дұрыс
Ә) бұрыс
8. Мәтіннің негізгі ойын ашатын сөйлемді белгілеңіз.
А) Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың
Ә)қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.
Б) Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді.

115
452
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

efwwewe
4,6(68 оценок)

Түлкі қу жануар.оның жақсы көретін тағамы қоян

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS