Ответы на вопрос:
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір- бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады (насекомдар , кейбір құстар) бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі. Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар а тамақ, бағалы аң түрлерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді.Бұл 15 млн тонна ет деген сөз.Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар.Оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.
Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі.Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді.Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт-қореткілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті.Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң – құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтардың өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Республикамызда тек соңғы бес жылда 16,5 миллион сомға аңдардың баңалы терілері дайындалып, мемлекетке өткізілді. Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда бір миллион 350 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23 – 25 мың тонна ет, 35 – 40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудан алынған. Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі. Осы болама
организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
DimazCheat30.10.2022 04:35
-
Polmadie10.11.2020 13:52
-
genenko1821.11.2021 13:41
-
АртемкаЧеловечек10.12.2021 06:36
-
MaksN120308.11.2022 05:46
-
borovitskii201417.05.2020 21:41
-
scravtz28.01.2022 03:36
-
dghakdkc09.10.2022 10:05
-
Fjkskdnxk21.04.2023 13:34
-
pedyxa1218.12.2020 00:17
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.