Есть ответ 👍

Я не понел что тот надо делал скажыте

221
393
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Revantrtr
4,5(91 оценок)

облыстық білім басқармасы оқушылардың барлығына бірдей мектеп формасын киюді міндеттеп жатыр. бұл жөнінде қойылатын  талапты күшейте түсу туралы мектеп басшыларына тапсырма берілген. соған байланысты, кейбір мектептердің жарғыларына өзгерістер енгізіліпті. ережеге сәйкес, енді оқушылар ғана емес, мұғалімдер де біркелкі киім киюі тиіс. сонымен қатар колледж оқушылары да білім беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне сай киінуге көшіп жатыр. қазір колледж бен мектепке хиджаб киіп келетін оқушылардың саны күрт кеміген. біз осы және мектеп формасына қатысты қолға алынып жатқан басқа да   шаралар туралы облыстық білім басқармасының бастығы айгүл арынғазиевамен  тілдескен едік.

—  оқушыларға мектеп формасын киюді міндеттеу, олардың хиджаб киюлеріне тыйым салу емес. осыны ата-аналар дұрыс түсінгені жөн. жастардың имандылыққа бет бұрғандары, әрине, дұрыс. бірақ мектеп —   мешіт емес, білім шаңырағы. сондықтан, оқушы мектепте ішкі тәртіпке бағынуы тиіс. бүгін «мұсылманбыз» деп кейбір қыз хиджаб киді, ал ертең өзге діндегілер өз сенімдері бойынша киініп келулері мүмкін. сонда мектеп әр түрлі діндердің орталығына айнала ма? міне, сондықтан, мектептің жарғысымен бекітілген ережелерді оқушы да, мұғалім де, ата-ана да орындауға міндетті, — дейді айгүл аманғазықызы. ол мұндай талаптың мұғалімдерге де қойылып отырғандығын айтады. олар да біркелкі киінеді екен. сондай-ақ бұл талап колледж оқушыларына да қойылып отыр.

білім басқармасының бастығы талапты күшейту мақсатында кейбір мектептердің ережелеріне өзгерістер енгізілгендігі жөнінде былай дейді:

—  мысалы, темір ауданында білім беру мекемелерінің жарғыларына және ішкі тәртіп ережелеріне мектеп формасын сақтау туралы тармақ енгізілді. сонымен қатар, педагог қызметкерлердің іскерлік киім үлгісін ұстану туралы толықтыру бар. тәртіпке мойынсұнбағандарға   сол білім мекемесінің ішкі ережесінде көрсетілген шаралар қолданылады.

айгүл арынғазиеваның айтуынша, облыс мектептерінде діни ахуалды жақсарту жөнінде жаңа оқу жылына жұмыс жоспары құрылған. соған байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылыпты. соның бір парасы — ата-аналар жиналыстары. онда «отбасындағы рухани ізгілендіру тәрбиесі», «зиянды заттардан ертең емес, бүгін құтылған жөн» тақырыптарында тыңдалған. сондай-ақ, мектептерде «дін және мектеп», «діни фанатизм» тақырыбында дөңгелек үстел, «діннің ға ықпалы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілуде. сонымен қатар, облыстағы барлық мектептер мен колледждерде  дәстүрлі емес діни ағымдардың арты неге соқтыратынын жастарға түсіндіру мақсатында «адасқандар» деректі фильмі көрсетіліп жатыр. фильмде «терроризм» бабы бойынша істі болған ақтөбелік еркін досқалиев туралы баяндалған.

—  түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, байғанин ауданындағы байғанин орта мектебінің хиджаб киетін 2 оқушысы сабаққа мектеп формасымен келетін болды. дегенмен, барлық жерде жағдай осылай түсіністікпен шешілген жоқ. мысалы, қыркүйек айының басында темір ауданындағы білім беру мекемелерінде мектеп формасын сақтамай, діни бағыттағы киім киген оқушылар біраз болды. кейбір ата-аналар мектеп басшылығының айтқан талаптарына қарсылық білдірді. 10 оқушының ата-анасы облыс әкімінің блогына ң мектепке хиджаб киіп баруы туралы өтініш жазды.  біз өтініш иелеріне мектеп киім үлгісі туралы жарғы бар екендігін және мектептің ішкі ережесін түсіндіріп айтқанбыз. сол бекітілген ережені оқушы орындауға міндетті. бірақ, бастапқыда 7 оқушының ата-анасы мектеп формасын сақтауға келісім бермеді. сөйтіп, мектепке жібермеген болатын. соңғы мәлімет бойынша, ата-аналар райынан қайтыпты. мектепке ақ кофта, тізеден төмен қара юбка киіп, бастарына орамал тағып келіп жүр, — дейді айгүл аманғазықызы.   оның айтуынша, жыл сайын хиджаб киетін оқушылардың саны азайып келе жатыр.

—  өткен оқу жылында колледждер мен мектептерде хиджаб киетін оқушылар 400-ден асатын. биылғы оқу жылындағы түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде олардың саны айтарлықтай азайды: 200-ден астам оқушы хиджаб киіп жүр. меніңше, ата-аналардың 3, 4-сыныпта оқитын қыздарының басына орамал тағып қоюы дұрыс емес. ол әлі ғой. өзіндік пікірі қалыптасқан жоқ. зардап шекпеуі үшін ата-аналар өздерінің ұстанымына мәжбүрлемеуі тиіс, — дейді басқарма бастығы.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS